Қоғам • Бүгін, 08:40
Көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында жетісулық көпбалалы аналар көптен күткен баспаналарына ие болды. Жеке үйлер мен пәтерлердің кілті Талдықорған қаласы мен Көксу ауданының тұрғын үй кезегінде тұрған аналарға берілді. Осылайша, 35 отбасы қоныс тойын тойлады.
Аймақтар • Бүгін, 08:35
Есік қаласында №1 перинаталдық орталық пайдалануға берілді. Жалпы аумағы 10 мың шаршы метрді құрайтын үш қабатты медициналық ғимарат 2007 жылы салынған. Өткен жылы нысанға күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, ғимараттың материалдық-техникалық базасы толық жаңартылып, айналасы абаттандырылды.
Әйел әлемі • Бүгін, 08:30
Қарағандының іргесіндегі Үштөбе ауылы кейінгі жылдары тың тыныс алды. Бүгінде 5 мыңнан астам тұрғыны бар ажарлы қоныс – Бұқар жырау ауданындағы ең ірі әрі әлеуеті жоғары ауылдың бірі. Келбеті жайнаған, тіршілігі қайнаған ауылдың бүгінгі өзгерісінің басында жиырма жылдан астам уақыт жергілікті әкімдікте қызмет етіп келе жатқан Әлем Көпбаева тұр. Бас маман болып еңбек жолын бастаған ол ел сенімін еңсеріп, ауыл әкімі болып сайланады.
Әйел әлемі • Бүгін, 08:25
Шетелдегі қазақ жастарының арасында ғылымда, мәдениетте, бизнесте, шығармашылықта биік белестерді бағындырып жүрген дарынды буын қалыптасып келеді. Осындай зерек те талапты қазақ жастарының бірі – Иранда өмірге келген жас қаламгер Атрие Чалак.
Әйел әлемі • Бүгін, 08:20
Бүгінде әлемдік технологиялық алпауыт компанияларда еңбек ететін қазақ жастарының саны артып келеді. Солардың бірі – Шымкентте дүниеге келген Нұрлы Күздікбай.