Коронавирус • 31 Наурыз, 2020
Әлемдегі ахуалға шолу: Вирус жұқтырғандар 800 мыңнан асты
Бұл топтамада әлемнің 178 елінде тараған Covid-19 вирусына қатысты соңғы жаңалықтарды жариялап отырамыз. 31 наурызда Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 801 400, өлім саны - 38 743, айыққандар саны - 172 657 адам болды (жаңартылған уақыты 18:30).
Әдебиет • 31 Наурыз, 2020
Ауылдағы майдангер қарт Мейірбек Ізтайұлы туралы әкемнің жазған осынау көлемді дүниесі 1995 жылы аудандық «Төлеби туы» газетінің бірнеше нөміріне жарияланған болатын. Бұл күнде Мейірбек атаның да, әкем Әбдіраштың да көзі жоқ. Алла тағалам о дүниелерін берсін. Дегенмен де Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында тағдыры тәлкекке түскен майдангердің жорық жолдарын, фашистке пенде болып тұтқынға түскенін, сол жат жерде көрген қиындықтарын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
Коронавирус • 31 Наурыз, 2020
Қызылорда: Бір үйден 8 адамға вирус жұққан
Бүгін Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында тіркелген 8 науқас бір үйдің адамдары болып шықты. Осыған байланысты аудан карантинге жабылып, тиісті шаралар қолға алынды
Қаржы • 31 Наурыз, 2020
Қазақстандағы тұтынушылық несиенің жағдайы төмендеді
Moody's сарапшыларының түсіндіруінше, бұл жағдай тек бізде емес, Армения мен Ресейде бір мезгілде басталғалы тұр. Агенттіктің есебіне сәйкес, ТМД елдерінде қауіп коронавирустық індет пен мұнай бағасының төмендеуі тұтынушылық несиеге де әсер ете бастады. Ал Өзбекстанда болса жағдай керісінше, өсім байқалады. Сарапшылар мұның себебін өзбек экономикасының шикізататқа тәуелділік деңгейнің біздің елмен салыстырғанда төмендегімен түсіндіреді. Бұл туралы бүгін журналистерге агенттіктің сарапшысы Светлана Павлова айтты.
Аймақтар • 31 Наурыз, 2020
Әулиеатада әлеуметтік желілер арқылы онлайн-байқаулар өтеді
Бүгінде коронавирус індетінің таралуына байланысты елімізде төтенше жағдай енгізілгені белгілі. Еліміз бойынша оқушыларды қашықтықтан оқыту жүзеге асуда. Жастардың үйде отырған уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында Жамбыл облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы онлайн жарыстар, дәрістер мен басқа да оқыту іс-шараларын өткізуді қолға алып отыр.