Салық • 06 Наурыз, 2026
Атырау облысында иелігінде көлігі бар кей тұрғындар салығын төлемей жүр. Сондай-ақ балаларына алимент төлеуді ұмыт қалдырғандар да бар.
Қоғам • 06 Наурыз, 2026
Ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына, ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толуына орай белгілі веломарафоншы, велошеру өткізуден үш дүркін рекордшы Ернат Рахметолла ерекше бастама жариялады. Атап айтқанда, велошабандоз қыс мезгілінде бір күн ішінде 160 шақырымды жүріп өтіп, әлемдік рекорд орнатуды мақсат етеді.
Аймақтар • 06 Наурыз, 2026
Өңірде орман шаруашылығы мен өртке қарсы инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Кейінгі үш жылда саланы техникамен қамтамасыз етуге 8 млрд теңге қарастырылды. Қомақты қаражат есебінен 26 өрт сөндіру көлігі, 86 трактор, 39 шағын орман өрт сөндіру кешені, сондай-ақ 78 қызметтік автокөлік сатып алынды.
Көрме • 06 Наурыз, 2026
Мәдениетте мәңгілік із қалдырған
Алматыдағы Ұлттық орталық музейде мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл толуына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Тағылымды жиын «Мәдениетте мәңгілік із қалдырған тұлға» тақырыбындағы көрмемен жалғасын тапты.
Референдум • 06 Наурыз, 2026
Алматыдағы референдумға дайындық барысы
Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров инспекциялық сапармен Алматы қаласы және Алматы облысына барды. Кездесулер барысында өңірдің жалпыұлттық науқанға дайындығы, олардың материалдық-техникалық жабдықталу деңгейі бағаланды.