Экономика • 02 Наурыз, 2026
Қазақстан үшін Қытай сабағы: Индустриялық саясат – серпін бе, әлде елестегі өсім бе?
Әлемдік экономика үшін Қытай тәжірибесі индустриялық салада үлкен зертханаға айналды. Аталған ел бұл бағытта ауқымды іс атқарып әрі серіктестерге әрдайым ыңғайлы болмай қатал принцип ұстанды. Индустрия жолында өзіндік жолымен алға беттеген елдің бұл тәжірибесі нәтижелі болып, Қытай технологиялық баспалдақпен ең жылдам көтерілген елдердің біріне айналды. Десе де мәселенің тәуекелді тұстары ретінде бұрмалау, қақтығыстар, құрылымдық тәуекелдер бой көтерді. Алпауыт елдің осы жолы бүгінде әлем елдерін қызықтырып әрі қорқытып отыр. Қызықтырған тұсы мен қорқытқан мәселелерді экономист, Tengenomika Telegram-арнасының авторы, «ФармМедИндустрия Казахстана» қауымдастығының президенті Руслан Сұлтанов талдады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 02 Наурыз, 2026
Grand Slam: Ташкенттегі турнирде дзюдошыларымыз қалай өнер көрсетті?
Өзбекстанның астанасы – Ташкентте дзюдодан Grand Slam турнирі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан атынан төрт дзюдошы татамиге шықты. Бірақ олардың барлығы алғашқы айналымдардан аса алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 02 Наурыз, 2026
Қазақстан қарулы күштері жауынгерлік даярлық бағдарламасын жаңғыртады
Астанадағы Ұлттық қорғаныс университеті қабырғасында Қарулы күштердің басшылық құрамына арналған қызметтік жиын өтті. Онда әскердің жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіру, оқу үдерісін заман талабына бейімдеу және басқару буындарының жауапкершілігін күшейту мәселелері жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 02 Наурыз, 2026
Иран төңірегіндегі жағдай: Мұнай неге қымбаттады?
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери әрекеттері туралы хабар тараған соң, әлемдік мұнай бағасы бірден қымбаттады. Соңғы сегіз айда алғаш рет мұнайдың бағасы бір барреліне 80 доллардан асты. Бұған себеп – мұнай жеткізілмей қалуы мүмкін деген қауіп. Ең үлкен алаңдаушылық Парсы шығанағындағы Ормұз бұғазына қатысты. Бұл – әлемге тасымалданатын мұнайдың қомақты бөлігі өтетін маңызды жол. Егер осы бұғаз жабылса немесе қозғалыс қиындаса, мұнай азайып, баға одан әрі өсуі мүмкін деген қауіп бар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Наурыз, 2026
Ішкі істер министрлігі «Автомектеп» ақпараттық жүйесін енгізді
Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау қағидаларына сәйкес автомектептердің есебін жүргізу және оқу топтарын ақпараттық жүйеде тіркеу міндетті саналады. Осы мақсатта Ішкі істер министрлігі «Автомектеп» атты ақпараттық жүйені әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.