Елорда • 01 Наурыз, 2026
Астанадағы әуежайда рейстер кестесі өзгеруі мүмкін
Астана әуежайы кейбір халықаралық рейстердің кестесі өзгеруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 01 Наурыз, 2026
Астанада LRT жүйесі алдағы айларда іске қосылады
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекпен бірге LRT депосының ғимаратына барып, жеңіл рельсті көлік жобасын жүзеге асыру аясында құрылып жатқан Бірыңғай диспетчерлік орталықтың жұмысқа дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Наурыз, 2026
Шығыс өңірінде өткен ауқымды концертке 12 мыңнан астам адам жиналды
28 ақпан күні Maxi Mall сауда-ойын-сауық орталығында Усть-Каменогорск қаласында «Жастар таңдауы – жаңа Ата Заң» атты ірі қоғамдық іс-шара өтті. Ауқымды кешке қала мен облыстан 12 мыңнан астам адам жиналды. Шара көрермендермен ашық диалог форматында ұйымдастырылып, Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын және алдағы референдумды қолдауға арналды, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 01 Наурыз, 2026
Алғыс айту күні – бірлік пен ризашылықтың жарқын көрінісі
Бүгін Қазақстан халқы алғыс айту күнін атап өтеді. Тарихқа тағзым, тағдырға сабыр, адамдарға шынайы алғыс білдіру күнінің ресми бекітілгеніне 10 жыл толып отыр. Тіршілік түлейтін көктем мезгілімен қатар келген мереке алғыс айту – асыл қасиет екенін меңзейді. Бұл күні ұлы далада ғұмыр кешіп жатқан қазақстандықтар қазақ халқына, бір-біріне қиын-қыстау кезеңде қолтықтан демеп, достық пейіл, ыстық ықылас танытқан жұртқа ризашылығын білдіріп жатады, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 01 Наурыз, 2026
Оксана Тарабрина: Қазақ халқының дархан пейіліне ризамыз
Қайсыбір ұлт өкілінен қазақ халқы жайлы сұрай қалсаңыз, ең алдымен оның бауырмалдылығын, кеңпейілділігін, қонақжайлығын ерекше атап өтеді. Бұл – ғасырлар бойы түрлі ұлт пен ұлысты жатсынбай, бауырына басып, сайын даласындай кеңпейілімен құшақ жая қарсы ала білген халқымыздың кеңдігі мен кемелдігінің, даналығы мен даралығының айғағы. Жеріміздің кеңдігімен қатар пейіліміздің кеңдігі, ынтымақ пен татулыққа негізделген тірлігіміз – әлемге үлгі боларлық құндылық.Алғыс айту күні – осындай асыл қасиеттерді дәріптейтін, тағдыр тоғыстырған түрлі этнос өкілдерінің қазақ халқына деген ризашылығын білдіретін ерекше мереке.