Қазақстан • 30 Наурыз, 2022
Төрт өңірдің бірнеше учаскесінде әлі жол жабық
Еліміздегі ауа райының күрт нашарлауы салдарынан Қазақстанның төрт өңірінде он екі жол учаскесі әлі ашылған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 30 Наурыз, 2022
Босқындар саны 4 миллионнан асты
Ыстанбұлда өткен Ресей мен Украина арасындағы келіссөздің бірқатар бағытында ілгерілеу бар. Кездесуден кейін Ресей Қорғаныс министрлігінің өкілі Украинаның солтүстігіндегі ұрыс қимылының қарқыны азаятынын мәлімдеді.
Қоғам • 30 Наурыз, 2022
Кибербуллинг: Қатыгездік қайдан, қауіп неден?
«Қазір – ғаламтор дәуірі. Ондағы бей-берекет ақпарат тасқыны ұрпақтың санасын улап жатыр. Бір сәттік танымалдылықты көксейтін тамырсыз идеялар жаппай белең алуда. Бұл – аса қатерлі үрдіс». Ел Президенті былтырғы Жолдауында әлеуметтік желідегі жүгенсіздік жайлы осылай деп еді. Сол қатерлі үрдіспен заң жүзінде күресетін уақыт келді. Қоғамда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқығын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қызу талқылануда. Жақында бұл құжат Сенатқа келіп түскен-ді.
Өнер • 30 Наурыз, 2022
«Қыздың қырық жаны бар» деген қазақтың ғибратты сөзінің кенептегі көрінісі осы болар. «Қыз – қонақ» деп қадірлеген бабамыз, оны алдағы ғұмырында сан тараулы жолдар күтіп тұрғанын алдын ала аңдаған-ау! Қыздарына мейірімін аямаған дана халқымыз барынша ертеңгі өмірінің баянды болуын тілеген. Біз ұсынған картинадағы шұбатылып жатқан жолдар әрбір сұлудың аттап өтер белесіндей иір де иір.
Фотогалерея • 30 Наурыз, 2022
Ақпанның соңғы күні. Алматыға тағы да қар жауып өтті. Біз тұрған үй артындағы ағаштардың сидам бұтақтарында аппақ қар тұрып қалған.