Қазақстан • 29 Сәуір, 2018
Нұрлан Орынбасарұлы Жапония үкіметінің орденімен марапатталмақ
29 сәуірде Жапония үкіметі 2018 жылдың көктемінде орденмен марапатталатын шетел азаматтарының тізімін жариялады. Орден иегерлерінің ішінде Парламент Мәжілісінің депутаты, Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының мүшесі Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков бар. Бұл туралы Қазақстандағы Жапон елшілігі хабарлады.
Қазақстан • 29 Сәуір, 2018
Мұстафа Шоқайдың бюстіне гүл шоқтарын қойды
Парижде «Рухани жаңғыру және мәдени мұра: қадымнан келешекке түркі тілі» форумына қатысушылар Мұстафа Шоқайдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Қазақстан • 29 Сәуір, 2018
Астанада 300 түп шие көшеті отырғызылды
Астанада «Болашақ бағы» атты науқан өтті. «Астана –таза және қауіпсіз қала» экологиялық айлығы аясында Пушкин көшесінің бойындағы гүл бағында 300 түп шие көшеті отырғызылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жазғы спорт • 29 Сәуір, 2018
Елімізде алғаш рет баскетболдан ұлттық студенттік лигасының финалы өтті
Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының баскетболдан ұлттық студенттік лигасының финалы өтті. Ақтық кезеңде қыздар арасында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің тобы жеңіске жетті, деп хабарлайды оқу орнының Баспасөз орталығының жетекшісі Жандар Асан.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2018
Оңтүстікте мерекелік жәрмеңке өтті
Оңтүстік Қазақстан облысында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті.