Технология • Кеше
Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды
Ұлыбританияның Хэрогейт қаласында Institution of Engineering and Technology ұйымдастырған беделді UK First Lego League Championship халықаралық робототехника чемпионатында Қазақстан намысын қорғаған елордалық оқушылар зор жетістікке жетті. Олар екі бірдей басты марапатты иеленіп, ел мерейін асқақтатты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы мен Израиль Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Израиль Президенті Ицхак Герцог шағын құрамда келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Ицхак Герцогпен еліміздің төрінде жүздескеніне қуанышты екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ипотека • Кеше
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда ипотека беру тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Ең басты жаңалық – ипотекалық несиелер бойынша екі түрлі шекті мөлшерлеме белгіленеді: 20% және 25%, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • Кеше
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының жаңа маусымына арналған ресми таныстырылым өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көрме • Кеше
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Бір аспан астында» атты халықаралық заманауи өнер көрмесі өз жұмысын бастады. Ауқымды мәдени жоба әлемнің түкпір-түкпірінен келген суретшілердің басын қосып, өнердің шекарасыз кеңістігін тағы бір мәрте дәлелдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.