Футбол • 27 Сәуір, 2018
«Реал» финалға бір қадам жасады
Мюнхендегі «Алянц Арена» стадионында «Бавария» мен «Реал» кездесіп, қонақтар жеңіске жетті. Өз алаңында жеңіліп қалған немістердің финалға шығуы қиындай түсті. Ал «Реал» Мадрид командасы Чемпиондар лигасының тағы бір рекордын жаңартты.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
Алдағы жексенбі күні қазақтың шойын жұдырық иесі, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Barclays Center аренасында өзінің кәсіпқой бокстағы дебюттік кездесуін өткізеді. Өздеріңіз білетіндей, Елеусінов наурыз айында кәсіпқой боксқа ауысқандығын мәлімдеп, британиялық танымал промоутер Эдди Хирнмен үш жылдық келісімшартқа қол қойған еді.
Қазақстан футбол федерациясы «Футбол күнін» атап өтті. 25 сәуір – ел футболының тарихында алтын әріппен жазылған күн. Тура осы күні 2002 жылы Қазақстан футболы Еуропаға бет бұрған болатын. Осыған орай футбол төңірегінде жүрген атқамінерлер тегіс жиылып, алқалы отырыс өткізді. Сол басқосудан алған әсеріміз бен түйгендерімізді теріп шығайық.
Үкімет • 27 Сәуір, 2018
Қазақстан-Франция: Ынтымақтастық жалғаса береді
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстан мен Францияның стратегиялық әріптестігінің 10 жылдығына орай өткен дөңгелек үстел отырысына қатысты. Жиынды Франция-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырды.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2018
Қытайдың Циндао қаласында өтетін ШЫҰ саммитінің күн тәртібі мақұлданды
Бейжіңде Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары осы жылғы маусымда Қытайдың Циндао қаласында өтетін ұйым саммитінің күн тәртібін мақұлдады.