Аймақтар • 30 Сәуір, 2024
Журналистер мінген шағын автобус Өмеш асуынан асып, Самар мен Ұлан аудандарын басып, паромға жетіп тоқтаған. Баспасөз турының бағыты – Күршім. Мақсат – Бұқтырма суқоймасына салынып жатқан көпір құрылысын көру, аудандағы бірқатар әлеуметтік нысанды аралау.
Аймақтар • 30 Сәуір, 2024
Өңірде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясы жалғасын тауып жатыр.
Абай • 30 Сәуір, 2024
Абай әндері – қазақ музыка тарихында ерекше орын алатын ақынның жаңа бағытта жазған туындылары, баға жетпес мирас. Қазақ әндері мен күйлерін жетік білген данышпан ешкімге ұқсамайтын әуен тудырып, музыка тарихында өз қолтаңбасымен биіктен көрінген композитор. Халық әндерін тыңдап өскен кемеңгер Абай өз айналасындағы халықтан шыққан өнерпаздарды, қазақтың атақты әншілерін, күйшілерін көрген, тыңдаған. Ана сүтімен дарыған халық әуендеріне терең бойлап, оның артықшылығын түсіне тұра, ешкімге ұқсамайтын өз әндерін жарыққа шығарған. Орыс романстарын естіп, оны Еуропа мәдениетімен үйлестіре отырып шығарған композитордың жаңа әуені халықтың құлағына өте жағымды болды. Ғұлама ақын дала халқына жаңа әуен, жаңа ырғақ, жаңа ән әкелді.
Аңдатпа • 30 Сәуір, 2024
1 мамырда «Астана опера» сахнасында А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы қойылады. Дирижері – Алан Бөрібаев, режиссері – Джанкарло дель Монако.
Тұлға • 30 Сәуір, 2024
1916 жылдан 1956 жылға дейінгі 40 жыл! Қараңыз, осы жылдар ішінде не болып, не қоймаған? Қазақ үшін бұл аса ауыр кезең болыпты. Осы 40 жыл ішінде қазақ қазақ болғалы көрмегенді көріпті. Ұлт-азаттық көтерілісті де, ақсүйек ашаршылықты да, қарғыс атқыр репрессияны да, ұлы ойран соғысты да көріпті. Бұл қаралы 40 жыл, сөйтіп, сталинизмді әшкерелеген 1956 жылғы ХХ съезге дейін созылыпты. Осы бір тасбауыр кезеңге тап келген аға ұрпақ тағдыры аянышты.