Білім • 27 Сәуір, 2026
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Қазақстанда биылдан бастап университеттердің ұлттық рейтингі жарияланады. Тізімге ілінбеген және талаптарға сай емес жоғары оқу орындары мемлекеттік қаржыландырудан толық қағылады. Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Сәуір, 2026
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек «Болашақ» бағдарламасы бойынша заңсыз грант алғандар мен бюджет қаржысын негізсіз жұмсағандардың есімдерін ашық жариялауды талап етті. Депутаттың есебінше, бағдарламадағы заңсыздықтардан келген шығын 10 миллиард теңгеге жетуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Сәуір, 2026
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасына сәйкес, Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу мақсатында ауқымды тексеріс жүргізілді. Қаланың ең ірі көтерме базары саналатын «Барыс-4» нысанындағы мониторинг барысында бағаны негізсіз құбылтып келген 9 делдал анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 27 Сәуір, 2026
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Синоптиктердің болжамына сәйкес, еліміздің көп өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі уақытта жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсуі ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Сәуір, 2026
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Атырау қаласында жаяу жүргіншілер көпірінен өзенге секірген жасөспірім қыз құтқарылды. Бұл туралы 112 қызметіне түскен хабарлама негізінде белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.