Қаржы • 28 Сәуір, 2018
Qazaq Bank лицензиясы тоқтатылды
"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 67 қаулысымен 2018 жылғы 28 сәуірден бастап қоса алғанда 2018 жылғы 27 шілдеге дейін "QazaqBanki" АҚ-тың (бұдан әрі - Банк) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясы тоқтатыла тұрады", - делінген хабарламада.
Президент • 28 Сәуір, 2018
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІ сессиясына қатысты
Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Бес әлеуметтік бастама - қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры" атты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы басталды. Сессияның күн тәртібіндегі негізгі мәселе «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» деп аталды.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2018
Маңғыстауда ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті
Күн тәртібінде қоршаған ортаны қорғау, аумақтың экологиялық жағдайын жақсарту, оның ішінде Химико-гидрометаллургиялық зауыттың мәселелері және оны шешу жолдары, тұрғындарды дене шынықтыруға, спортқа баулу және спорт ғимараттарымен қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғасының алдын-алуға және азайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру және осыған байланысты қалалар мен аудандардың инфрақұрылымын дамыту мен жоспарлауды жақсарту сынды бірқатар мәселер қаралды.
Парламент • 28 Сәуір, 2018
Сенаторлар ЕКПА сессиясына қатысты
Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Төлеубек Мұқашев пен Сәуле Айтпаева 23-27 сәуірде Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы сессиясының Страсбургте болған екінші бөлігіне қатысты.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2018
Денис Тен Атырауда мәнерлеп сырғанаудан шеберлік сағатын өткізді
Сочидегі Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Тен Атыраудағы мәнерлеп сырғанауды ұнататындар үшін шеберлік сағатын көрсетті. Шара Мұз айдыны сарайында өтті және оны 500-ден аса көрермен тамашалады, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.