Руханият • 30 Сәуір, 2023
Иә, алдап-сулап әкеліп, сырға басыңды соғып кететін Шимұрындай, уақыт құрмағыр да біздің талай балшырын сәттерімізді ұрлап бағыпты-ау! «Әкудей, шіркін, өтер бір күн, миллион сомдық ойын-күлкің» деп Иса Байзақұлы жырлағандай, қылшылдаған құбарлан кездер білдірмей қыр асып кетіпті-ау!
Спорт • 30 Сәуір, 2023
Астанада аутист балалар арасында спорттық альпинизм фестивалі өтті
Ерекше қажеттілігі бар балалар мемлекет пен қоғамның қолдауына мұқтаж. Өздерін қоршаған ортаның кішкентай бір бөлшегі ретінде сезіну олар үшін аса маңызды. Жуырда осы мақсатта елордадағы «KeruenCity» сауда ойын-сауық орталығында Альпинизм және құзға шығу республикалық және қалалық федерацияларының қолдауымен аутизмі бар балаларға арналған ел тарихындағы алғашқы спорттық шыңға шығу фестивалі ұйымдастырылды.
Сұхбат • 30 Сәуір, 2023
Сергей КВАК: Жолдама үшін барымызды саламыз
Бүгін Шымкентте теннистен жасөспірімдер арасындағы «Asia/Oceania Final Qualifying Juniors Davis Cup» және «Juniors Billie Jean King Cup» іріктеу сайыстарының жалауы желбірейді. Оған 16 жасқа дейінгі Азия және Тынық мұхит аймағының үздік теннисшілері қатысады. Осы маңызды турнир алдында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының капитаны Сергей Квакпен сөйлесіп, шәкірттерінің алдағы жарысқа дайындығын сұраған едік.
Спорт • 30 Сәуір, 2023
Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен парадзюдодан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Сары құрлықтың 11 елінен келген 100-ден астам спортшы J1 (көзі мүлдем көрмейтін) және J2 (көзі нашар көретін спортшылар) санаты бойынша түрлі түсті жүлделерді сарапқа салды. Жекелей сайыс нәтижесінде, Қазақстан құрамасы 4 алтын, 4 күміс және 6 қола жүлде олжалап, жалпыкомандалық есепте екінші орынға жайғасты.
Спорт • 30 Сәуір, 2023
Өскеменнің «Алтай» волейбол клубы Вьетнамның Виньфук қаласында жалауы желбіреген клубтар арасындағы Азия чемпионатының топтық кезеңінен шыға алмады.