Қазақстан • 24 Сәуір, 2018
Қазақстан • 24 Сәуір, 2018
Жер сатылмайды және шетелдіктерге жалға берілмейді
Сенат осындай түзетулермен жер туралы заңды қабылдады. Парламент Жер туралы заңды қабылдады. Ал Парламенттің екінші аты кім? Халық! Сондықтан заң қабылданғанға дейін депутаттар аймақтарға сапармен барып, халықтың пікірін тыңдады, ұсыныстарын жинақтады. Жерге қатысты ұлт патриоттары мен өзге де қоғамдық ұйымдардың пікірлерін, ашық хаттарда, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде айтылған ұсыныстар мен тілектерді ескеріп, негізге алды. Сенаттың тұрақты комитеттерінде талқыланып, олардың ұсыныстары ескерілді.
Әлем • 24 Сәуір, 2018
Басқа басылымдардан: Қырғи-қабақ соғыс қайта басталды
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Германияның SVT арнасына берген сұхбатында Сирияға қатысты өз пікірімен бөлісіп, ондағы жағдайды тұрақтандыру қиын мәселе екенін мәлімдеді.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2018
ИЫҰ саммитінің қорытындылары талқыланды
Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінде ислам әлемінің тарихында алғаш рет 2017 жылы қыркүйекте Астанада өткен ИЫҰ-ның Ғылым және технологиялар жөніндегі саммитінің қорытындыларына арналған Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер елшілерінің кездесуі өтті.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2018
Әзиз САНЖАР, Нобель сыйлығының лауреаты: Орталық Азия – түркі дүниесінің кіндігі
Әзиз Санжар – химия саласы бойынша түркі әлемінен шыққан тұңғыш Нобель сыйлығының лауреаты. 33 кітап және 400-ден аса ғылыми монографияның авторы. Американың өнер және ғылым академиясының, АҚШ-тың Халықаралық ғылым академиясының мүшесі. Әлемдегі ең беделі зор осы академияның мүшелігіне өткен үш түрік ғалымының бірі. Солтүстік Каролина университетіндегі өз атымен аталатын зертханаға жетекшілік жасайды. Бүгін біз ғалыммен жүргізген шағын сұхбатымызды назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.