Қазақстан • 24 Сәуір, 2018
Алматыда «Чернобыль – ХХ ғасырдың алапат қасіреті» атты көрме ашылды
Алматы қаласындағы Мемлекеттік орталық музейінде Чернобыль атом электр стансасындағы ядролық апатқа 32 жыл толуына арналған «Чернобыль – ХХ ғасырдың алапат қасіреті» атты көрме ашылды.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2018
Әйелдер қауымына жүктелер міндет көп
Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко мен комиссия мүшесі Бексұлтан Тұтқышев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2018
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Ақтөбе облысында жүзеге асырылуының бірінші жылындағы қорытындысын таныстырды.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2018
Жаңғыруға бастайтын жаңа жобалар
Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Нұр Отан» партиясының жаңғыру аясындағы жаңа жобалары туралы баспасөз мәслихаты өтті. Шараға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қатысты.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2018
Биыл табиғат тосын мінез танытудан танбай тұр. Жылымық лебі Жетісу өлкесіне ерте жеткенімен, қыраттағы қалың қар қызыл су болып ағып, етектегі ауылдар тасқын құрсауында қалды. Топырақ енді кеуіп, ел егінге қамдана бастағандай болып еді, арада үздіксіз жаңбыр басталып, жер асты дүмпуі де жиі тіркелді. Нәтижесінде Алматы облысының таулы аймағында тағы бір төтенше жағдай орын алды.