Қоғам • 01 Сәуір, 2021
Заңсыз талап, зар илеген тұрғындар
Қостанай облысында мемлекеттік қызмет түрлерін цифрландыру нәтижесінде жергілікті атқару мекемелерінің үстінен түсетін шағымдардың бір жарым есе азайған. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі облыстық департамент өкілдері қағаз түрінде көрсетілетін қызметтердің бір жыл ішінде екі есе қысқарғанын айтып отыр. Мысалы, 2019 жылы өңірде 1 млн 94 мың қызмет қағаз түрінде көрсетілсе, 2020 жылы бұл көрсеткіш 592-ге дейін азайған.
Қоғам • 01 Сәуір, 2021
Дәрі жарнамасы дұрыс болуы тиіс
Дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасында тауарларды тиімді пайдалануға ықпал ететін толық және расталған мәліметтер болуы тиіс. Бұл Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасын жүзеге асыру қағидалары туралы жаңартылған бұйрығымен бекітілген.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2021
Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясының таралуы сәл саябырсығанымен, 30 наурыз күні 22 науқас тіркелді. Оның басым бөлігі Семей қаласынан анықталған. Жағдайдың ушығып кетпеуі үшін облыста әлі де бірқатар шектеу шарасы сақталып отыр. Бірақ мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат берілді.
Өнер • 01 Сәуір, 2021
Махамбет атындағы қазақ академиялық драма театрының жанынан қуыршақ театры ашылды. Жаңа өнер ұжымының әртістері кішкентай көрермендеріне «Ата мектебі» спектаклін ұсынды. Балаларға арналған алғашқы қойылымның авторы – театр әртісі Бекет Зинуллин.
Медицина • 01 Сәуір, 2021
Медицинада миллионнан аса кемшілік анықталды
Жуырда Алматы қаласының тұрғыны Евгений Мұхамеджанов электронды үкімет порталында өзінің карантиндік стационарға жатып-шыққаны туралы мәліметті көріп, фейсбук әлеуметтік желісінде пост жариялаған болатын. Оның айтуынша, жұбайы екеуі ковидпен ауырмаған және 2021 жылдың қаңтар айында ешбір ем қабылдамаған.