Аймақтар • 20 Мамыр, 2017
«Бала дауысы – 2017!» байқауы Таразда өтті
Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қоры еліміздегі балаларға арналған ауқымды ән байқауларының ұйымдастырушысы ретінде танымал. Мәселен, қордың шығармашылық тобымен 2015 жылы «Бала Тюрквижн» байқауы өткізілсе, былтыр Ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауы авторлық жобасын қолға алған болатын.
Театр • 20 Мамыр, 2017
«Қорғансыздың күні» сахнаға қалай шықты?
Тіршіліктің адамзатпен бірге жасасып келе жатқан күрделі сұрақтарына жауап іздеуде кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтің қорғансыздар тақырыбын да әбден жеріне жеткізе қаузағаны белгілі. Ол қорғансыз жандардың бейнесін қашап жасаған қаламгер. «Жетім» әңгімесіндегі жетім бала Қасым, «Оқыған азаматтағы» Мақсұттың кемпір шешесі, «Абай жолындағы» Иіс кемпір, Дәркембай шал, «Қорғансыздың күніндегі» Ғазиза боп жалғаса береді. Бұл қапелімде есімізге түскендері ғана. Ал осы тақырыпты бүгінгі біздің ой иелері қай қырынан көрсетіп, өнер тіліне қалай көшіріп жүр? ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбековтің жазушы М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» атты әңгімесінің негізінде сахналаған «Қорғансыздың күні» драмасының премьерасын тамашалаған соң төмендегі жазбаға ерік бердік. Өйткені бұл шығарма тұңғыш рет қойылып отыр. Әрі қорғансыз жандар тақырыбы қай қоғамда да өзекті. Шынында біз үшін кімдер қорғансыз?
Аймақтар • 20 Мамыр, 2017
Павлодарда «Бipлiк-Единство.kz» халықаралық жастар форумы өтті
Павлодарда С. Торайғыров атындағы университетте «Бipлiк-Единство.kz» халықаралық жастар форумы өтті.
Алматыда ғалым Оразалы Сәбденұлының мерейтойына орай ғылыми конференция өтті
Алматыдағы ғылым ордасында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты ҰИА академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, э.ғ.д. профессор Оразалы Сәбденұлының 70 жылдық мерейтойына орай «Инновациялық экономика және қоғамды ізгілендіру: жаһандық әлем және Қазақстан» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2017
Енді санаулы күндерден кейін Астана төрінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Еліміздің тарихында айрықша маңызға ие көрмеге әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтар келіп, ұлтымыздың бай тарихын, іргелі мәдениеті мен өнегелі өркениетін тамашалайтын болады.