Руханият • 19 Мамыр, 2017
Жұртымызды анықтап, ұлтымызды ұлықтап
Аса көрнекті түріктанушы ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков жайында бір толғам
Медицина • 19 Мамыр, 2017
Облыс орталығынан шыққан, тұрақты жолаушылары жайғасқан жайлы да жаңа автобус Бетпақдаланы бетке алды. Жерінің көпшілік бөлігі тасты-құмды, шөлді жазық болып келетін Созақ ауданындағы өндіріс орнының қызметкерлері он бес күндік демалыстан қайтып барады. Ендігі он бес күнді кен орнында өткізетін жұмысшылардың бірі отбасындағы жаңалықтарымен бөлісіп жатса, енді бірі кешегі күндердің елесін іздегендей терезеге телміруде. Ортаңғы тұстағы орындықтың арқа сүйенішін өзіне ыңғайлы ете жайғасқан Ғабит Нұрманов ұялы телефонын қолына алды. Қаладан алыстамай тұрып, ғаламтордан жаңалықтарға қанықпақ. Бүгінде жаңалық атаулының жетуі жылдам. Бірінші болып жеткізуге тырысатын ақпараттық сайттар көп. Міне, мына бір жаңалық өзіне тым таныс та жақын көрінді.
Қазақстан • 19 Мамыр, 2017
Абаев: Көрерменнің деңгейі өссе, соған сай мәдениет те қалыптасады
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтты.
Театр • 19 Мамыр, 2017
«Қазақконцерт» Италияда өнер көрсетті
Күні кеше «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымының әртістері Италиядан оралды. Қазақстанның Италиядағы мәдениет күндері аясында отандық өнерпаздар Лекко және Эзино-Ларио қалаларына гастрольдік сапармен барған.
Қазақстан • 19 Мамыр, 2017
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамас атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады. Ал «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңы 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.