Медицина • 19 Мамыр, 2017
Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы көп мәселені тереңнен қозғаған, халыққа ой салатын, ойландыратын, болашаққа сенімін нығайтатын келелі, бағдарламалық мәнді туынды болып жазылған.
Медицина • 19 Мамыр, 2017
Дамыған отыз елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан Қазақстан соңғы ширек ғасырда биік белестерді бағындырып, бірліктің арқасында бірегей жетістіктерге жетті. Алдымен ел тұрмысына елеулі көңіл бөлген мемлекеттік саясат ендігі кезекте елдің рухын жаңғыртуға бағыт түзеді. Бұқараға жаққан бұл ізгі бастаманы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан айқын түйсінуге болады. «Санамыздың ізімізден озып жүруін» пайымдап, «ұлттық рухымыздың бойымызда мәңгі қалуын» белгілеп берген Нұрсұлтан Әбішұлы ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылудың жолын көрсетіп отыр. Ендеше, бұл бағдар «мен» деген әр отандасымызға таудай жауапкершілік жүктейді.
Руханият • 19 Мамыр, 2017
Бұл дүниеге кімдер келіп, кімдер кетпеген?! Солардың ішінде ұлттың намыс қайратына айналған тұлғалар ғана халық жадында қалады. Олардың орны қанша уақыт өтсе де ойсырап тұрады. Мұндай адамдарды отбасы ғана емес, ұлты жоқтайды. Сондай кесек тұлға, ірі тұлға – Мүсілім Базарбаев екендігі даусыз.
Қай заманда болсын туған елі үшін толарсақтан саз кешіп, етікпенен су кешіп, желдің өтінде, жау жақ бетінде жүрер ерен тұлға, біртуар перзенттердің жөні де, жолы да бөлек. Бұл қазақта ел қамын жеп еңіреген Едіге сынды не сан ерлер өткен. Оларды «Есіл ерім!Асыл азаматым!» деп асқақтатады. «Ел бағына туған ер» деп әспеттейді. Ер деп, азамат деп жаяу борасын, жай жөпшеңділерге айтылмайды. Шын мәніндегі ер деген атаққа ілігу ілуде біреудің қолынан келмек.
Медицина • 19 Мамыр, 2017
Бағдарламалық мақала – барлық салаға ортақ құндылық
Кеше Жоғарғы Сотта Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын бүкілхалықтық талқылау шеңберінде «Рухани жаңғыру – Мәңгілік Ел болудың кепілі» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға қатысушылар сот жүйесіне, сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жұмыстарын жүргізуге қатысты тиісті ұсыныстар әзірледі.