Үкімет • 19 Мамыр, 2017
Кеше Үкімет үйінде Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов баспасөз мәслихатын өткізіп, сыртқы саясат мәселелері туралы журналистерге айтып берді.
Медицина • 19 Мамыр, 2017
«Сол күндердегі мына бір жағдай есімде. Барлық газет-журналдар редакцияларының коммунистерін, әрине, ішінде «Социалистік Қазақстанның» партия мүшелері де бар, Фрунзе аудандық партия комитетіне шұғыл шақырды. Барсақ, аупартком алдындағы шағын алаң адамға толып тұр. Бір кезде біреулер келіп, жұртқа кесілген темір шыбықтар тарата бастады. Сөйтсек, коммунистерден «халық жасақшылары» құрылып жатыр екен. Әлгі темір шыбықтар біздің «ұлтшылдарға» қарсы қолданар қаруымыз болуы керек екен. Шошып кетіп, газет бас редакторының бірінші орынбасарымен бірге (мен редакциядағы бастауыш партия ұйымының хатшысы едім) аупарткомның бірінші хатшысы Нұртай Әбіқаевқа кіріп, мұның жөнсіздігін, қауіптілігін айттық. Ол кісі дереу ғимарат алдына шықты да қолына мегафон алып, ешкімнің де қаруланбайтынын, ешкім де ешкімді жазалауға аттанып бара жатпағанын, тек көшелерде қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау керектігін жеткізді. Кесілген темір шыбықтарды жұрттың қолынан сол арада жинаттырып алдырды».
Үкімет • 19 Мамыр, 2017
Одақтың цифрлы күн тәртібі талқыланды
17 мамырда Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 19 Мамыр, 2017
Астанада әл-Фейсал көрмесі ашылды
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова елордадағы Ұлттық музейде Сауд Арабиясының бұрынғы королі Фейсал ибн Абдул-Әзиз әл-Саудтың өмірі мен қызметіне арналған «Әл-Фейсал: Әділдік және батылдық жолы» атты көрменің ашылу салтанатына қатысты. Король Фейсал атындағы Исламды зерттеу орталығының ұйымдастыруымен алғаш рет ашылып отырған көрмеде сирек кездесетін тарихи жәдігерлер мен король Фейсалдың жеке заттары: қару түрлері, наградалары, архивтік құжаттары мен суреттері және басқа да құнды дүниелері көрермен назарына ұсынылды.
Парламент • 19 Мамыр, 2017
Ізгілік жолындағы игілікті бастама
Кеше елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XVI отырысы өтті. Шараға ислам, христиан, иудаизм, буддизм, даосизм, синтоизм, индуизмнің жоғары мәртебелі өкілдері, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдардың басшылары, оның ішінде БҰҰ Өркениеттер Альянсының директоры Метью Ходс, Дүниежүзілік бейбітшілік хабаршысы кеңесінің бас хатшысы Пичаи Товивич, Біріккен Араб Әмірліктері толеранттылық мәселелері жөніндегі министрінің кеңесшісі Рашид әл-Тунайджи қатысты.