Қазақстан • 18 Мамыр, 2017
Сенбі күні Астанада бұқаралық веложарыс өтеді
20 мамыр халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесіне арналған «Астана-Арена» стадионынан бұқаралық веложарыс бастау алады. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 18 Мамыр, 2017
Сенатта заңнамаға өсімдіктер мен жануарлар дүниесі бойынша түзетулер қаралды
18 мамырда Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.
Қазақстан • 18 Мамыр, 2017
Астанада жылыту маусымының қортындысы шығарылды
Жылыту маусымы елордада 202 күнге жалғасты: 2016 жылдың 1 қазанынан 2017 жылдың 20 сәуіріне дейінгі аралықта өтті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Ұлттық спорт • 18 Мамыр, 2017
«Айқын» тоғызқұмалақтан турнир өткізді
«Алматы Арена» спорт кешенінде журналистер арасында тоғызқұмалақтан Aikyn Media Open турнирі өтті. Бұл шара «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің 13 жылдық мерейтойына орай өткізілген кезекті шара. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін редакция ұжымы шахмат шеберін анықтайтын дүбірлі дода ұйымдастырған еді.
Үкімет • 18 Мамыр, 2017
Қайрат Әбдірахманов сыртқы істер министрлігі жұмысының негізгі бағыттарын атады
Сыртқы саясат ведомствосы қызметінің негізгі бағыттары - шетел инвестицияларын тарту, отандық экспортшыларға дайын өнімді әлемдік нарықтарға шығаруға көмектесу, сонымен қатар индустриалды-инновациялық жобалар мен «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға көмек көрсету. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты.