«Егемен Қазақстан» газетінің биылғы 24 ақпандағы санында «Алаш альбомы» атты мақала жарық көрді. Мақалада татардың ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайдың Қостанайда тұратын жиеншары София Забирова апай және оның қолында сақталған көне суреттер сөз болған. Аталған дүниеде Орал қаласына және биыл 100 жылдығын атап өткелі отырған Батыс Қазақстан облыстық басылымдарының тарихына тікелей қатысты мәселелер болған соң, қолымызға қалам алдық.
Білім • 18 Мамыр, 2017
Мақтааралдағы мектеп республика бойынша алдыңғы үштіктен көрініп жүр
Мақтаарал ауданы Жетісай қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясы «Алтын белгі» саны бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп келеді.
Қазақстан • 18 Мамыр, 2017
Еңбек әулеттерінің мерейін өсірді
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы еңбек әулеттерінің күнін атап өтті. Бірнеше жылдан бері өткізіп келе жатқан дәстүрлі шара Халықаралық отбасы күні мерекесіне орайластырылған. Ұрпақ сабақтастығын дәріптеуді мақсат ететін марапаттау жиыны ұжымдар ішінде әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға септігін тигізетіндігін айтады ұйымдастырушылар.
Медицина • 18 Мамыр, 2017
Медициналық сақтандырудың маңызды міндеттері
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша республикалық штаб құрылған болатын. Аталған республикалық штабтың мүшесі, «Республикалық медициналық палата» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Мақсұт ҚҰЛЖАНОВПЕН жаңа медициналық сақтандыру жүйесінің ерекшеліктері жөнінде әңгімелескен едік.
Егер маңайымыздағы көршілер болмағанда жалаңаш жүргендейміз-ау. Бізді қазір киіндірмейтін ел жоқ. Қытай мен Түркия қазақтарды жалаңаш қалдырмауды міндетіне алғандай көрінсе, іргедегі қырғыз, өзбек, алыстағы еуропалықтар, үнділер, корейлер, беларустар, орыстар да олардан қалыспайды. Қайтеміз тапқан тиын-тебенімізді лыпасыз жүрген болмас деп солар тіккен киімдерді сатып алуға жұмсап, солардың экономикасын нығайтып, солардың жеңіл өнеркәсібіне инвестиция салып жатқан жайымыз бар.