Мектеп • Кеше
Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды
Қазақстан мектептерінде төртінші тоқсан 25 мамырда аяқталады. Оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалғандықтан, мектептерде бөлімдік және тоқсандық жиынтық бағалау өтіп, қорытынды аттестаттауға дайындық басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • Кеше
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері мен жаңа Конституциясы Гималайдағы Айленд-Пик (Имджа-Це) шыңына, 6189 метр биіктікке көтерілді. Бұл миссияны әйгілі қазақстандық альпинист Ғалымжан Құсманов жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • Кеше
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Сонау Өскеменнен шекара асып, іздеп келгенім осы ақсақал. Байырғы қазақ шаңғысын жасаудың нақ шебері. Бекзат өнерді берік ұстанған Сләмбек Сақышұлы Алтай қаласының іргесінде ғана тұрады. Әкесі 1930 жылдары Катон-Қарағайдың Шыңғыстайынан көшіп барыпты. Тұрғылықты жерін тауып беруді жарты жыл бұрын Шыңжаң өлкесінің азаматтарына тапсырып қойғанмын. Жол міне, жер аяғы кеңіген соң ғана түсті. Қазір жақсы, қазақ-қытай шекарасы ашық, визасыз режім. Ала сөмке арқалаған кейбір ағайындар таңертең барып, кешкісін бері өте шығады. Біз де сенбі-жексенбіні пайдаланып, Алтайдың арғы бетін аралап қайттық.
Пікір • Кеше
Қыркүйек айы. Баламның балабақшадағы тәрбиешісі Мұқағали Мақатаевтың «Отан» атты өлеңінен екі шумақ жаттауға берді. Жарысқа қатыстырмақшы екен. Бұл үш жасқа енді ғана толатын балдырғанға сай келмейтінін айттым. Алайда тәрбиеші қиылып өтінген соң, көңілін қимай, бір аптадай жаттаттым. Бірақ өлеңдегі жиі қайталанатын сөздер мен ауыспалы мағынадағы ойлар ауыр тиіп, қиналды. Сол себепті бір шумағымен шектелдік.
Қоғам • Кеше
Бүгінде ғарыштан түсірілген суреттер арқылы жолдардың жай-күйін бақылауға болады. Тіпті заңсыз құрылыстарды анықтап, егістік алқаптарының жағдайын білуге мүмкіндік бар. Көпшілік мұндай технологияларды тек шетелдік ірі компаниялар жасайды деп ойлайды. Алайда өз студенттеріміз бен жас инженерлеріміз де осы бағытта нақты жобалар әзірлей бастады. Жуырда Nazarbayev University қабырғасында өткен «NURIS Hardware Challenge 6.0» байқауы соның бір дәлелі болды.