Аймақтар • 01 Мамыр, 2024
Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласын тасқын су басқалы бір айға жуықтады. Жем өзені арнасынан асып, табиғи сипаттағы апаттан 2 920 үйді, 200-ге жуық кәсіпкерлік, 15 әкімшілік, әлеуметтік нысан бүлінді. Тұрғындардың иелігіндегі 300-ден аса мал суға кетті. Ең өкініштісі, төрт адам қайтыс болды.
Экономика • 01 Мамыр, 2024
Сауданың қызған жері Қытайда екен...
Бұрын «мынауың қытайский» деп мұрын шүйіретін едік, қазір тайлы-тұяғымызбен шұбап, сол жақтан тауар тасу үрдіске айнала бастады. Анығында, ұтымды бағамен бизнес жасауды ұйымдастыратын инста-кәсіпкерлерден қазір аяқ алып жүргісіз. Бірақ қаншама затқа тапсырыс беріп, тауары да теңгесі де жоқ болып сан соғып отырғандар да жетіп артылады.
Өндіріс • 01 Мамыр, 2024
Рудный қаласындағы «МедиДез» ғылыми-өндірістік бірлестігі жоғары сапалы дезинфекция, антисептик құралдары мен сабын түрлерін шығарады. Соңғы жылдары компания өніміне сұраныс артқан соң өндіріс көлемі де ұлғая түскен. 2023 жылы Президенттің «Алтын сапа» сыйлығын жеңіп алған отандық өндіріс бүгінде микроб жойғыш сабындар мен теріні және медициналық құрал-жабдықтарды зарарсыздандыратын химиялық өнім түрлерін көптеп шығара бастады.
Университет • 01 Мамыр, 2024
Жоғары білім мен ғылыми-зерттеулердің сапасын арттыру мақсатында Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде CityU Гонконг университетінің филиалын ашу туралы ынтымақтастыққа жыл басында қол қойылған еді.
Білім • 01 Мамыр, 2024
Cу тасқыны: университеттер де шет қалмады
Қазіргідей қысылтаяң шақта елдің бар назары су басқан өңірлерге ауып тұр. Материалдық, моральдық тұрғыда көмек беруге жүрегі бар жанның бәрі әзір. Сондай жанашырлық пен азаматтықты еліміздегі жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен студенттерінің де нақты әрі нәтижелі әрекетінен байқадық.