Медицина • 26 Мамыр, 2017
Жаңа стандарттағы Елтаңба таныстырылды
Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстан Елтаңбасы: қалыптасу тарихы және оның қоғам санасын жаңғыртудағы рөлі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияда Қазақстан Республикасының жаңа стандарттағы Мемлекеттік елтаңбасы таныстырылды. Шара белгілі сәулетші, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің профессоры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы авторларының бірі Жандарбек МӘЛІБЕКОВТІҢ 75 жасқа толу мерейтойына арналды.
Басты құндылық – рухани тазалық
«Өмір сүру үшін өзгере білу керек», деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында. Заман талабына сай лайықты өмір сүру үшін қазіргі уақыттағы жаңғырудың да негізгі мақсаты – осы.
Парламент • 26 Мамыр, 2017
Табиғи өнімдерімізді танытуға тиіспіз
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауында болашақ межеге жеткізетін бес басым бағыттарды нақтылап берді. Айталық, бірінші басымдықта экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуына тоқталса, осы басымдықтың ішінде экономиканың барлық саласына қатысты нақты бағыт-бағдарлар жіктеліп көрсетілді. Соның ішінде Елбасы аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керектігін баса айтқан болатын.
Қазақстан • 26 Мамыр, 2017
Бүгін кей аймақтарда құбылмалы ауа райы сақталады
26 мамырда Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, тек батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерінде найзағайлы жауын жауады.
Парламент • 26 Мамыр, 2017
Қаржы «пирамидаларына» тосқауыл қашан қойылады?
Еліміздің Бас прокуроры Жақып Асанов мырзаның назарын халық арасында алаңдаушылық тудырып отырған төмендегі мәселеге аударып отырғанымның төмендегідей себебі бар.