Парламент • 25 Мамыр, 2017
Президент мәртебесіне қатысты заң жобасы мақұлданды
Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілік етуімен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар Мемлекет басшысының заң шығару бастамасы тәртібінде жеке конституциялық заңдарды Конституциядағы түзетулерге сәйкес келтіруге бағытталған бірқатар маңызды заң жобаларын талқылап, мақұлдады. Олардың қатарында «Қазақстан Республикасының кейбiр Конституциялық заңдарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Конституциялық заңның жобасы да болды.
Медицина • 25 Мамыр, 2017
Рухани жаңғыру айы – рамазан құтты болсын!
Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Көк ту – ұлт азаттығының белгісі
Әнұран, Ту, Елтаңба – орны биіктен сайланған мемлекеттің мызғымас рәміздері. Көпшілікке көбірек көрінетіні, әрине, Көк байрақ. Туды көргенде толқымайтын адам жоқ. Көк ту – бүкіл ұлттың азаттығының белгісі. Көк тудың көкке көтеріліп, желбіреуі – біздің еңсеміздің көтерілуі. Ол желмен жарысып жазыла түскенде, теңіздей толқитын бауырынан біздің асқақ, азат, бостан рухымыздың дауысы естіледі. Көк туға көз тоқтатқанда, одан мемлекетіміздің азаттығы, біздің жанымыздың тазалығы көрінеді. Ақынның бақыты – әр қазақтың жүрегінде лапылдап тұрған лүпілді сезініп, ақ қағазға таңбалай алғаны.
Футбол • 24 Мамыр, 2017
«Тараздың» капитаны жеті матчқа шеттетілді
Қазақстан футбол федерациясы тәртіптік қадағалау комитетінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ұйымның ресми сайты.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2017
Соғыс және ішкі істер органдары ардагеріне мемориалдық тақта орнатылды
Қойшыбек Қаженовтың есімін полиция қызметкерлері өте жақсы біледі. Ол жігіттік шағында сұрапыл соғысқа қатысып, кейін аман-есен елге оралған соң, қартайған шағына дейін халыққа қызмет еткен. Түрлі басшылық қызметтер атқарып, өңірдегі қоғамдық тәртіптің қамтамасыз етілуіне, ішкі істер органдарының қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан.