Әдебиет • 24 Мамыр, 2017
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлына арналған туындының тұсауы кесілді. Көрнекті ақын Несіпбек Айтұлы – қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан жыршы. Оның жырларының заманмен үндестігі, байырғы эпикалық қазақ қара өлеңінің тасқындай төгілетін рухты сарыны, сезімнің қыл пернесін тербейтін мөлдір лирикасы, әсіресе, елдіктің арман-мұратына айналған тәуелсіздік жайлы кең тынысты дастандары дәуір үні іспеттес.
Театр • 24 Мамыр, 2017
Қостанайда «Ақ сайтанның әлегі» атты спектакльдің премьерасы өтті
І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрына жаңа лек келіп қосылды. Жас режиссер Жәнібек Кәрбозов Ерсайын Төлеубайдың халық аңызы негізінде жазылған «Ақ сайтанның әлегі» атты пьесасын көрермен назарына ұсынды, деп хабарлайды «Егемен Қазақстан» тілшісі.
Жасыратыны жоқ, бұрынғы КСРО-ның Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне қараған «Офицерлер құрамын жетілдіру курсы» деп қарапайым ғана аталатын оқу орталығы – құпия міндеттерді орындау үшін шетелге жіберілетін жасырын топтарды басқаратын барлаушыларды дайындады. Оның қайнар көзі сол МҚК Бірінші Бас басқармасының (Кеңес Одағының атышулы сыртқы барлауы) «В» бөлімі болды, ал орталығы Мәскеу түбіндегі Балашихадағы ескі барлау мектебінде орналасты. Біз әңгімелегелі отырған барлаушы Төлеухан БОҚАЖАНОВ та 1974 жылы осы МҚК барлаушылар дайындайтын офицерлік құрамның білімін жетілдіру курсында, ал 1975-1976 жылдары МҚК Ю.В.Андропов атындағы Қызыл жұлдызды инстиутта (қазіргі Ресей Федерациясы сыртқы барлау академиясы) оқыған еді.
Қазақстан • 24 Мамыр, 2017
Лара Фабиан мен Ева Лонгория Димашты туған күнімен құттықтады (видео)
Әйгілі әнші Лара Фабиан мен америкалық актриса Ева Лонгория Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтады.
Қазақстан • 24 Мамыр, 2017
Кешқұрым, жұмыстан үйге оралған бетім. Әдеттегідей, ас ішкеннен кейін соңғы жаңалықтарды көруге жайғастым. Бір күннің ішінде қоғамда қаншама оқиғалар орын алып жатады. Жағымдысы бар, жағымсызы бар. Жаңалықтар бағдарламасының орта тұсына келгенде, қалада жезөкшелер ұясы құрықталды деген хабар көрсетілді. Рейд барысында жыл басынан бері пәленбай жезөкше қолға түсті. Шет елден келгендері елдеріне қайтарылды. Тәнін саудалағандармен күрес толастамайды деп айтылып жатыр.