Қазақстан • 24 Мамыр, 2017
Талантты құрметтейік тірісінде
Мемлекеттік деңгейде таланттарды сақтайтын, оларға қамқорлық көрсететін комиссия құрылуы қажет.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2017
Шымкентте көркем гимнастикадан халықаралық турнир басталды
Шымкент қаласында көркем гимнастикадан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Әлия Юсупованың жүлдесіне арналған VII халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Әлем • 24 Мамыр, 2017
Ашық аспан астындағы мұражай ел
Жақында Иордания туризм басқармасының ұйымдастыруымен осы елге жолымыз түсті. Мақсат – қазақстандықтарға Хашимиттік Корольдікті жақынырақ таныстыру, осы арқылы жерлестеріміздің аталған елге деген қызығушылығын туғызу. Көрсететіндері бар мемлекеттердің қайсысы да қандай да бір жолмен өз жерін жарнамалауға үлкен мән береді. Иордания туризм басқармасының көздегені де осы. Яғни, ондағылар еліне туристер жібере алатын мемлекеттер санының көбейгенін қалайды. Сондай қалаулы елдердің қатарына Қазақстанды қосып отыр екен.
Қазақстаннан тыс жерде өмір сүрген қазақ диаспорасының да бастан өткерген қилы-қилы тарихы бар. Соның бірі – Шыңжаң өлкесіндегі Алтай қазақтарының жергілікті билеушілерге қарсы көтерілісі. Бұл оқиғаның туындауына негізгі себеп, 1937-1938 жылдары Кеңес елінде жүргізілген репрессия науқаны 1938 жылдың соңын ала қытай қазақтары арасында да жалғасуы еді. Өйткені, ол кезде Шыңжаң өлкесін басқарушы өкіл Шен Шицай КСРО көсемі Сталиннің тапсырмасын орындаушы қуыршақ билік иесі болып саналатын.
Қазақстан • 24 Мамыр, 2017
Жуықта Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінде мерей биігіне көтеріліп отырған осы оқу орнының доценті, кафедра меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты Айтмұхамет Есдәулетовке құрмет көрсетілді. Осы жөнінде ұйымдастырылған басқосуға елімізге танымал бірқатар азаматтар, ғалымдар, ақын-жазушылар және университет оқытушылары мен талантты шәкірттер қатысты.