Аймақтар • 24 Мамыр, 2017
Мүгедек жандарға − кедергісіз орта
Облыс орталығында 19 мамыр күні еліміздің әр өңірінен келген мүмкіндігі шектеулі жандарды ортаға бейімдейтін үйлестіруші кеңес мүшелерінің қатысуымен «Мүгедектердің құқықтарын қорғау және олардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыру» барысы жайында республикалық семинар- кеңес болып өтті. Кеңеске Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова қатысты.
Әдебиет • 24 Мамыр, 2017
Намыс тақырыбын бейнелейтін фрагменттер
Бұл осыдан үш жыл бұрын болып еді. Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуы қарсаңында Бұланты мен Білеутідегі қасиетті қара ошақта өткізілген ұлттық тағзымға руханият сақабасы Мәди Артығалиевтің қақпайымен Әнес Сарай, Қажығали Мұханбетқалиұлы үшеуміз өкше көтергенбіз. Жолай, ғарышкер, иә сол сәтке дейін біз үшін ол қазақтың тұңғыш ғарышкері ретінде қымбат еді, сонымен ғарышкер Тоқтар Әубәкіровпен көліктес болатынымыз анықталды. Екі дегдар да: «Иә, құдай бере гөр, бір дидарласа алмай жүрген азаматымыз еді. Тым құрығанда, сапарлас болдық деп айта жүретін болдық. Ақылды сұрақ қояйық. Өзі қазақша біле ме екен?» – десті қанаттарын қомдап. Екі иығына екі ағамды қатар қондырғандай алпамса денелі, бір өзі бір орындықты тұтасымен алып, нығыздала жайғасқан ғарышкеріміз (біз үшін әлі де ғарышкер), қыран қырынмен арқалыққа шалқая беріп: «Ал ағалар, жол болсын. Сіздердің, әсіресе, Әнес аға, сіздің әңгімеңізді бір ести алмай жүр едім. Сәтін енді салды», – деп найзағайдай жарқ ете қалғанда, иығын анау-мынауға бастырмайтын екі ағамның мысы басылып қалғандай болды.
Әдебиет • 24 Мамыр, 2017
Жазушы десе – жазушы, журналист десе – журналист
Әдетте, жұрттың көбі бұл екеуін бір мамандық санайды. Керек десеңіз, журналист жазу-сызуға әбден төселе келгенде жазушыға айналады деп біледі. Қайран аңғалдық! Өз кәсібін жете меңгерген, нені жазуды және қалай жазуды кәміл білетін журналистің қаламынан туған дүниені «осы мен қалаймын» деген жазушылардың көбі келістіре алмауы мүмкін. Және – керісінше. Әйткенмен, көсемсөз бен көркем сөзді қапысыз парықтай алатын, екеуінің қайсысына салсаң да алқынбай алда келетін қаламгерлер де, Құдайға шүкір, баршылық. Күндіз газет пен журналдың «қара жұмысын» қайыспай көтеріп, қоғамдық ойдан қорытпа құйып, түн баласы «жүз ойланып, мың толғанып», сөз маржанын теретін, әдебиетіміздің өткен ғасырдағы белді де беделді бір ақсақалы, марқұм Жекен Жұмаханов ағамыз «образбен ойлайтын айналайындарым» деп мейірлене атайтын сондай жазармандардың бірі – Әділ Дүйсенбек!
АЛЖИР-дегі алғашқы «музей түні»
Астана іргесіндегі Ақмол ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының АЛЖИР мемориалды-мұражай кешенінде алғаш рет «Музейдегі түн» шарасы өтті. Аза бойыңды қаза қылатын өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы азапты күндерді еске алуға арналған қасіретті орындағы ашық есік күні аталған музейдің қызмет көрсете баста- ғанына он жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Қазақстан • 24 Мамыр, 2017
Ұлы жаратылыстың адамнан кейінгі ғазиздерінің бірі құстар болып саналады. Құстар – еркіндіктің белгісі, қазақ халқының болмысын айшықтап тұратын жұмбақ жаратылыс. Күз келсе, бізге беймәлім өлкелерге сапар шегетін, туған жерімізде көктем орнаса, адамдарға қайтадан үміт сыйлап оралатын құстардың адамның досы екеніне шүбә жоқ.