Аймақтар • 23 Мамыр, 2017
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде 19 мамыр күні сағат 17.00-ден 24.00-ге дейін Халықаралық музейлер күні мерекесіне арналған «Музей түні – 2017: Музейлік құндылықтарға тіл біткенде» атты іс-шара өтті.
Медицина • 23 Мамыр, 2017
Біздің әрқайсымыз болып жатқан оқиғаларды әр деңгейде пайымдап бағалаймыз. Сол арқылы толық келбетімен айқындалатын ақиқат көрініс табатын қоғамдық санаға өз үлесімізді қосамыз. Осының арқасында әр адам даналық қорынан өзінің қоғамдағы өмірлік бағдарларын табуға мүмкіндік беретін қажетті білімді алады.
Қазақ пен жоңғар арасындағы шешуші соғыс – Аңырақай шайқасында бас батыр атану екінің бірінің маңдайына жазылмаған бақыт. Абылай ханның ақ туының астына жиналған қазақтың мысын баспақ болған жоңғарлар жағы қартая бастаған бас батырымыз қанжығалы Бөгенбайды жекпе-жекке шақырып айбаттанғанда ағасынан бата алып ата жауымен айқаста көрсеткен ерлігі аңызға айналып, алысқа тараған Қабанбай баһадүрмен қалай мақтансақ та артық болмайды.
Медицина • 23 Мамыр, 2017
Білімдінің дәурені жеткен кезең
Өзекті де өміршең өнегеміздің өлмес қағидасын өзек еткен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын оқығанда, кезеңнің кезегін күткен келелі мәселесінің күрмеуін шешетін күрделі дүние екенін түсіндік. Болашақ бағдарын парасатпен байыптап, кезегімен келістіре отырып, атты болдыртпай, арбаны сындырмай, ілгерілей жылжудың тиімді тәсілін түйсінтетін тұшымды тұспалды да, туғанына жақпаса да тура айтылған ақиқатты да аңғардық.
Әлем • 23 Мамыр, 2017
Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентінің соты басталды
Біраз уақыт бұрын импичмент бойынша қызметтен босатылған Оңтүстік Кореяның экс-президенті Пак Кын Хе бүгін сот залына әкелінді.