Оқиға • 26 Мамыр, 2025
Шымкенттен Еуропа елдеріне тікелей рейстер ашылды
Шымкент қаласынан Еуропа мен Азияның алты еліне тікелей халықаралық әуе рейстері ашылды. Салтанатты шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әуежай инфрақұрылымын дамыту және аэрохабтар желісін кеңейту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында іске асырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Мамыр, 2025
АҚШ-тың Смитсон орталығы қазақ қолөнерін қолдайды
Бұдан былай АҚШ-тың байырғы Смитсон орталығының қолдауымен Қазақстанның мәдени мұра қорының жұмысына қоса, қолөнершілікті қолдау бастамасы іске қосылмақ. Осы бастамаға орай, Смитсон институтының Халықтық және мәдени мұра орталығының (Вашингтон, АҚШ) мамандары биыл мамыр айында жергілікті қолөнершілермен танысу, тәжірибе алмасу және үш жылдық ынтымақтастық орнату жоспарын құру мақсатында Қазақстанға келіп, оңтүстік өңірлерге сапарлаған еді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 26 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Грузия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Тәуелсіздік күніне орай осы елдің Президенті Михаил Кавелашвилиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 26 Мамыр, 2025
Қытайда толассыз жауған жаңбырдан 6 адам қаза тапты
Қытайдың оңтүстік өңірлерінде толассыз жауған жаңбыр су тасқынына ұласып, Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында кемінде алты адамның өмірін жалмап, тағы екі тұрғын із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Мамыр, 2025
«Бөкейорда» табиғи резерватының басшысы қамауға алынды
Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты РММ-нің бас директоры жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.