Аймақтар • 23 Мамыр, 2017
Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында Алматы облыстық ішкі саясат, білім басқармалары және Талдықорған қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына орай оларды насихаттау, жастар арасында патриотизмді дәріптеу мақсатында салтанатты жиын болып өткен еді. Оған Елтаңбаның авторы, «Құрмет» орденінің иегері Жандарбек Мәлібеков пен өңір ардагерлері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, жастар, студенттер, ұстаздар, әскерилер, БАҚ өкілдері қатысты.
Бизнес • 23 Мамыр, 2017
Биыл Батыс Қазақстан облысы егіс көлемін былтырғыдан 15 пайызға арттырып, барлығы 482,1 мың гектар алқапқа дән сеппек. Оның ішінде дәнді дақылдар 253,0 мың га болмақ.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2017
Жетісу жобаларды жүзеге асыруға кірісті
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында сөз болған жобаларды іске асыру барысында Жетісу жерінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы өңірлік комисия отырысы Талдықорғанда өтті. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қоғамдық сананы жаңғырту барысында келелі ой қозғап, нақты тапсырмалар берді.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2017
Ақтөбедегі су тасқынының себептері неде?
Биылғы көктемде Ақтөбеде болған су тасқыны кезінде 1500 адам көшірілді. 71 бау-бақша серіктестігі мен қала сыртындағы үш ауылды су басып қалды. Бұған қандай себеп болды? Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облыстық әкімдігі осы жәйттерді анықтап, тиісті ұсыныстарды Премьер-Министрдің атына жолдады.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2017
Павлодарда Қымызмұрындық мерекесі өтті
Павлодар облысының орталығындағы қалалық мәдениет және демалыс саябағында жыл сайынғы дәстүрлі Қымызмұрындық биыл «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің өтуіне орай фольклорлық-этнографиялық мереке болып өтті.