Аймақтар • 23 Мамыр, 2017
Жуырда Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов 190 жылдан астам тарихы бар қасиетті де қастерлі Қарқаралы ауданына жұмыс сапарымен барып, ауданның жетістіктері мен қазіргі таңдағы өзекті проблемаларын өз көзімен көріп қайтты. Аймақ басшысы екі күндік сапарының бірінші күнінде тасқыннан тауқымет тартып, қара жамылып отырған Нұркен, Бесоба ауылдарындағы шаңырақтарға кіріп көңіл айтты.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2017
Жамбыл облысында көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүріп жатқанда, жайлауды шегіртке басып, шаруаларды әбігерге салды. Тіпті, бұл жағдай диқандар мен малшылардың жұмысына қолбайлау еді десе де болады. Шегіртке шырғалаңы өңірде оншақты күн бұрын басталып, әсіресе Талас, Байзақ, Жамбыл аудандарының егістік алқаптарын кең жайлаған.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2017
Тараздық студенттер жылыжайда дәрілік өсімдіктер өсіруде
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері оқу орнының жылыжай кешенінде қант диабетіне қарсы дәрі-дәрмек алынатын стевия өсімдігін өсіруде. Жас ғалымдар оны болашақта өндіріске енгізуді де көздеп отыр.
Бизнес • 23 Мамыр, 2017
Тиімділік тетігін табу – табыс кепілі
Бүгінде еліміздің астық өсіретін бірқатар аймақтарында көктемгі егіс мәреге таяп қалғаны белгілі. Ал Ақтөбеге келсек, әзірге бұлай деп айта алмаймыз. Өйткені, өңірде қыстың жай шығуы, ауа райының қолайсыз әрі құбылмалы болуы науқанды өз мезгілінде аяқтауға мүмкіндік бере қоймады.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2017
Елбасы оңтүстікке келген сапарларының бірінде «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынған «Асар» ауылында болған еді. Сол кездесуде Өзбекстаннан атажұртқа оралған ағайынға ұйытқы болып, шағын ауылдың іргесін көтерген серіктестік басшысы Ибадулла Қаныбеков: «Егер Қазығұрт және Сарыағаш аудандарының жол бойындағы жерлері оралмандарға берілер болса, Өзбекстаннан 1 миллион қазақты көшіріп келер едім», дегені есімізде.