Қазақстан • 22 Мамыр, 2017
Болашаққа бастайтын тарихи құжат
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы шыққалы бері қоғам өмірінің әр саласында қызу талқылау жүріп жатыр. Бұл мақалада заман мен уақыттың төтесінен қоятын талаптары мен қиын сұрақтарына, бүгінгі күн мен келешегімізге халықтың тағдыры жайлы терең ой жүгірткен, негізгі бағдарымызды айқындау мәселесіндегі басым бағыттар көрсетілген. Осы мақаланың өзімізді толғандырған тұстарына ойымызды білдіруді жөн көрдік.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2017
Ордалы оңтүстіктің олжалы жұмыстары
Ел дамуына елеулі еңбек сіңіріп, үзбей үлесін қосып келе жатқан Оңтүстіктің орны қашанда бөлек. Қара шаңырақ Қазақстанның бір уығы болып қадалған бұл өңір экономиканың да, мәдениеттің де мәйегіне ерте ауыз салған, қашанда тіршілік қазаны қайнап жататын, табиғаты да тартымды, жер көлемі кең, ажарлы аймақ деп ауыз толтырып айтамыз. Өрісті өлкенің бүгінгі ахуалынан ақпар беру үшін облыс басшысы Жансейіт Түймебаев Астанаға арнайы келіп, тілшілермен тілдесті.
Қазақстан • 22 Мамыр, 2017
ЭКСПО халықаралық көрмесін тамашалауға Астанаға шамамен 2,45 млн адам келеді деп күтілуде. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр мәлімдеді. Ал сол келушілердің жүріп-тұру, келіп-кету қатынасын қамтамасыз ететін көліктің жайы қалай болмақ? Әуежай, вокзал, сапаржайлар ЭКСПО қонақтарын қарсы алуға дайын ба? Вице-министр баспасөз мәслихатында, міне, осы мәселелер жайында айтты.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2017
Солтүстік Қазақстан мәдениет ұжымдарына шағын автобустар тарту етілді
Солтүстік Қазақстан облыстық Н.Погодин атындағы орыс драма театрында мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова аймақ басшысы Құмар Іргебаевтың құттықтау хатын оқып берді.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2017
Ақтөбеде биыл мектептердің 62 пайызы аттестациядан өтпеді
Ел өңірлеріндегі білім сапасын бақылау құрылымдары мектептерде білім сапасын анықтау бойынша тексерулер жүргізіп тұратыны белгілі. Осындай тексерулердің нәтижесінде Ақтөбе өңірінде 2016 жылы сексен мектептің елу сегізі аттестациядан өтпегені белгілі болып отыр.