Қазақстан • 22 Мамыр, 2017
Бүгін еліміздің солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін
Бүгін еліміздің кей жерлерінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерінде найзағай ойнап, жауын жауады, жел күшейеді, солтүстік бөлігінде бұршақ болуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басынан бір дау арылмай-ақ қойды. Халықтың жиып-терген қаражатының оңтайлы жұмсалмауы бұл жүйеге деген сын ғана емес, сенімсіздік тудырған сыңайлы. Бәлкім, «көш жүре түзелер...». Әйтеуір, аманатқа берілген ақшаға қиянат жасауға мемлекет жол бермесі анық.
Адам баласы болған соң қоғамның үніне орай өз пікіріңді ашық әрі дер кезінде білдіріп отырмасаң, онда несіне жер басып жүресің дейсің ғой баяғы. Сол сияқты кейде көшеде, көліктерде, жалпы қоғамдық орындарда неше түрлі түйткілдермен бетпе-бет ұшырасып қалып жататынымыз рас.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2017
Өңірде Елбасы тапсырмасы тиімді жүзеге асуда
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болып, әуелі еліміздегі ең ірі жел электр стансасының жұмысын көрді. Қордай ауданында қолға алынған бұл жоба Индустрияландыру картасы және «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаржыландырылып отыр.
Медицина • 22 Мамыр, 2017
Діни экстремизммен күрес – дінді ұстанушылармен күрес емес
Ақтөбе қаласында Парламент Мәжілісінің көшпелі отырысы өткізілді. Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті бастамашы болған басқосуда «Терроризм мен діни экстремизмнің профилактикасын және олардың алдын алуды күшейту мәселелері, сондай-ақ, осы саладаға заңнаманы жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» мәселе талқыланды. Отырысты ашқан аталған комитет төрағасы Мәулен Әшімбаев алғашқы сөзді Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинге берді.