Үкімет • 29 Маусым, 2022
Табиғатқа залал келтіргендерге жауапкершілік күшейеді
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтіп, Палатаның VII шақырылымының II сессиясының жұмысы қорытындыланды. Жалпы отырыс барысында депутаттар «Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске экологиялық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылықты күшейту мәселелері туралы» заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады.
Қазақстан • 29 Маусым, 2022
АЭС Қазақстанды қалай өзгертеді?
Соңғы кезде Қазақстанның энергетика жүйесін жаңарту, энергетикалық әлеуетімізді талдау, болашақта жаңа қуат көздерін алатын технологияларды зерделеу және АЭС салу мәселесі күн өткен сайын қоғамның ашық талқылауына шығып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Түптеп келгенде, біз бұл мәселеге қатысты нақты шешімге келеміз», деген болатын.
Қаржы • 29 Маусым, 2022
Нақты пайыздық мөлшерлеме нөлге теңесті
Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы 2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша отандық қаржы нарығындағы пайыздық ставкаларға шолу жасады. Қауымдастық сарапшыларының айтуынша, нақты пайыздық ставка 2016 жылдан бері алғаш рет нөлге теңесті және жақын айларда теріс мәнге айналуы мүмкін.
Экономика • 29 Маусым, 2022
Қазір елімізде жеміс-жидектердің уылжып пісіп жатқан кезі. Базарларда көздің жауын алады. Бірақ сауда жылдағыдай емес екені анық. Күнделікті жеуге болмаса, жұрттың жәшіктеп алып жатқаны шамалы. Демек тосап қайнату науқаны да бұрынғыдай емес. Неге? Өйткені қант бағасы ұшып тұр. Көптеген сауда орнында қант мүлде жоқ. Жылдық тұрғыда оның бағасы 59,9 %-ға қымбаттап кеткен. Мұның себебі неде?
Экономика • 29 Маусым, 2022
Қазақстанда жанар-жағармай бағасы 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен қымбаттайды. Сонымен бірге алдағы 180 күн шеңберінде Аи-80, Аи-92, Аи-93 бензинінің бағасы бекітілмек.