Қоғам • 29 Маусым, 2022
Ерекше балалар: Ата-ана арманы – аяққа тұрғызу
Ерекше бала тәрбиелеп отырған әрбір ата-ананың асыл арманы – ұрпағын қайткен күнде оңалту, оны аяққа тұрғызып, өмірге бейімдеу. Алайда жетеріне жете алмай тауы шағылып, жігері үгіліп жататындар да бар. Шарасыздық шыңырауға құлатып, одағай күйзеліс орға жықпас үшін ең алдымен баланы кішкентай кезінен бастап оңалту, бейімдеу орталықтарына жетелеген жөн. Мұндай орталықтар еліміздің кез келген аймағында бар. Соның бірі – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Балам-ай» мүгедек балаларды әлеуметтік қолдау орталығы саналады.
Медицина • 29 Маусым, 2022
Медицина мамандарына дәріс оқыды
«Пренаталдық диагностиканың таңдаулы мәселелері» тегін курсын «Шеврон» компаниясының қаржылай қолдауымен AYALA қайырымдылық қоры ұйымдастырды. Оқыту Нұр-Сұлтан қаласындағы Ақмола облысының №2 көпсалалы ауруханасын сараптамалық сыныптағы УДЗ-аппаратпен және 8 кардиомонитормен жабдықтау жөніндегі жобаның соңғы кезеңі болды.
Медицина • 29 Маусым, 2022
«Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің», Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің» деген қазақ тағы бірде «Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің» депті. Халық даналығы мектебінің осы сияқты тағылымдық сөздеріне әншейінде өмір ағынына бір түсіп алып, кейде ойлануға да уақыт таба алмай жататын біздер мына қым-қуыт тіршілікте онша назар аудара бермейтініміз де бар. Десек те, өмірдің заңы өзін мойындатпай қоймайды екен.
Сұхбат • 29 Маусым, 2022
Саладағы реформалар жүйелілік пен сапаны талап етеді
Конституцияның барлық нормаларына сәйкес келетін, қоғам әділ және теңгерімді деп таныған, сот төрелігінің тиімді іске асырылуын қамтамасыз ететін сот жүйесін құрудың жолы қандай? Сот реформасының бүгінгі шындығы неде? Даму перспективаларының алғышарттары қалай белгіленуі қажет? Елімізде жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформаларға қатысты осы сұрақтарға «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының отставкадағы судьялары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Өмірсерік Қожабаев жауап берді.
Саясат • 29 Маусым, 2022
Орталық Азия елдері: қауіпсіздік үшін ынтымақтасу маңызды
«Қазіргі өзгермелі әлемде Орталық Азия елдері қауіпсіздік мәселесін бірінші орынға қою керек», дейді елордаға жиналған сарапшылар. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуі аясында ұйымдастырылған «Жаңа геосаяси жағдайдағы Орталық Азия ынтымақтастығы: сын-қатерлер мен келешегі» атты халықаралық конференцияда әлемдік проблемалар сөз болып, Орталық Азия елдерінің су саясаты, қоршаған ортаны қорғау, азық-түлік қауіпсіздігі, ғылыми және мәдени саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.