Қазақстан • 29 Маусым, 2022
Алматыдан біраздан бері хабарласпаған досымыз Зейнеп Ахметова телефон шалды. Әдеттегідей хал-ахуал, отбасының амандығын сұрасып болған соң: «Болат, бүгін маған бір інілерім келіп жолықты. Бақытжан досыңның дүниеден қайтқанына біраз жыл болды ғой. Олар Бақытжан туралы кітап шығарсақ деп жоспарлап жүр екен. «Соған Бақытжан ағамыздың достарының естеліктерін де қоссақ деген ниетіміз бар, осыған қолғабыс етсеңіз», деп өтініштерін білдірді. Ойыма бірден өзің түстің. Қазір қалайсың? Досың туралы естелік жазып беруге жағдайың келе ме?» деп сұрады.
Өнер • 29 Маусым, 2022
Қазақтың тамаша композиторының бірі Әсет Бейсеуов өткен ғасырдың сексенінші жылдарының бас кезінде Жамбыл облысының меймандос Мойынқұм жерінде бір-екі рет қадірлі қонақ болып қайтқан еді.
Руханият • 29 Маусым, 2022
«Айқап» журналын алғашқы шығарушы
«Айқап» журналының шығу тарихы әріден басталады.1910 жылы патша өкіметі М.Сералиннің журнал шығару туралы өтінішіне қол қойып, шығаруға рұқсат берді. 1911 жылы қаңтар айында Троицк қаласында қазақ тарихындағы алғашқы журнал – «Айқап» жарыққа шықты.
Туризм • 29 Маусым, 2022
Елордада тұңғыш рет ұйымдастырылған Qazaqstan Live Fest-2022 туризм, спорт және белсенді өмір салтын насихаттайтын халықаралық көрмесінің панельдік сессиясы аясында кәсіпкерлер «Атамекен» ҰКП және туризм саласының басшыларымен бірлесіп, елдегі туристік саланы дамыту және ынтымақтастық бойынша әрі қарайғы жоспарды талқылады.
Туризм • 29 Маусым, 2022
Жаз шыға салысымен қаланың тынымсыз тіршілігінен қолы бір сәтке босап, бір уақ жан тыныштығын іздеген адамдар таза ауада серуендеп, жанға сая, дертке дауа болатын тұмса табиғатты іздеуге әуес болады. Елімізде саяхаттаймын деген жанға сұлулығымен көз тартатын демалыс аймақтары, су да, ауасы да шипалы курортты мекендер, фауна мен флораға бай ұлттық саябақтар да жетерлік. Осы орайда тұмса табиғат пен даланың таңғажайыбын іздеген жанның қызығушылығын оятатын еліміздегі ең кенже табиғи парктің бірі саналатын «Бұйыртау» саябағы туралы айтуды жөн көріп отырмыз.