Қоғам • 30 Шілде, 2019
«Дипломмен – ауылға» барған дәрігерлер
«Бәрін кадр шешеді» деген сөздің мәні өзгермеді. Тіпті мағынасы артып, маман иесінің білім мен білігіне қатысты салмақты бола түскендей. Бұл талап денсаулық саласына қатысты қойылғанда екі есе жауапкершілік жүктейді. Өйткені қазір кадр тапшылығы мен білікті маман жетіспеушілігі отандық медицинада шешілмеген мәселенің бірі.
Руханият • 30 Шілде, 2019
Қазақ театры... Кешегісі, бүгіні, ертеңі
Қазақ театры бүгінгі таңда батыл реформалық өзгерістерді қажет етеді. Реформа ең алдымен салалық министрліктен басталуы керек. Мәселен, қазір бізде мемлекеттің есебінен қаржыландырылатын 54 театр бар десек, соның 9-на ғана Мәдениет министрлігі иелік етеді. Қалған театрлардың барлығы өзді-өзімен кейбір жергілікті әкімдіктердің аса ықылассыз қарауында күн кешуде. Бұлай бөліну республиканың біртұтас театр картасын қалыптастыруға, мәдени-рухани өміріміздің кеңістігін бөлшектеп үлкен зардабын тигізуде.
Қоғам • 30 Шілде, 2019
Жақында ғана Шымкентте ескі гараждан үш жарым жасар қыздың денесі табылды. Құзырлы органдар оны құсыққа шашалып қайтыс болды деген қорытындыға келсе, анасы денесінде жарақаттары, көгерген іздері бар екенін алға тартып әрі куәгерлердің айтуынша, киімсіз табылған балауса өлімінің сараптамасына сенбейді. «Бала өмірі – басты назарда» деп аттандасақ та, неге олардың сұмдық жағдайда жәбірленуі жиілеп кетті? Салдарына емес, себебіне үңіліп көрейікші.
Аймақтар • 30 Шілде, 2019
Павлодарда Әбікей Сәтбаевқа ескерткіш тақта орнатылды
Облыс орталығындағы «ЭКО» баспаханасы орналасқан көне ғимарат қаланың ескі аумағы саналады. Бұл жерде бұрын орыс-қазақ училищесі болған.
Аймақтар • 30 Шілде, 2019
Ақбас сиырдың атақ-даңқы қайта орала ма?
Қазақтың ақбас сиыры – сиырдың етті тұқымы. Бұл өткен ғасырдың 30-50 жылдары аралығында қазақ және қалмақ сиырларын герефорд бұқасымен будандастыру арқылы шығарылған және кең тараған тұрпаты бөлек түлік. Аталған тұқымды өсіретін шаруашылықтардың дені Қазақстанда орналасқан.