Медицина • 31 Шілде, 2017
Тың әдістеме тиімділікті арттырады
Минералды-шикізат секторындағы қазіргі заманғы үрдістер пайдалы қазбалардың оңай қолжетімді және жоғары сапалы қорларының жылдам және жаппай таусылуымен, кен орындарды барлау және әзірлеу кезінде кен-геологиялық шарттардың қиындауымен және салдарынан өндірістің үздіксіз қымбаттауымен сипатталады.
ЭКСПО-2017 • 31 Шілде, 2017
Елімізде өтіп жатқан халықаралық ЭКСПО көрмесінің үздік тәжірибелер павильонына халықаралық комиссияның іріктеуінен өткен әлемдегі ең үздік жобалар қойылған. Осы павильонды аралаған адам жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласында қандай озық жетістіктерге қол жеткендігін көре алады. Олардың ішінде қазақстандық ғалымдар мен өнертапқыштардың да заманауи жобалары баршылық. Солардың бірі – инженер-өнертапқыш Блок Шайкеновтің «Қайқы желқалақ» қондырғысы. Орайы келген мүмкіндікті пайдаланып, біз жоба авторын әңгімеге тартқан едік.
Медицина • 31 Шілде, 2017
тек оның сапасын ажырата білу қажет. Бұл күнде дүкендердегі тауарлардың түр-түрінен көзің тұнады. Алайда сол азық-түліктердің көпшілігін тұтынбасақ да тіршілігіміз жалғаса берген болар еді. Бірақ сөрелердегі бөтелкеленген, құтыланған сулардың пайдасы мен зияны туралы ойлануға тиістіміз. Бұл жерде адам сусыз өмір сүре алмайтынын баяндаудың өзі артық. Және су біздің өмірімізді жалғайды!
Медицина • 31 Шілде, 2017
Жұмыспен қамту айрықша назарда
Атырау облысында 15 600 адам жұмыссыз, оның екі мыңнан астамы – жастар. Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталықтарына тіркелгендердің 43 пайызы қызметпен қамтылған. Өткен алты айда облыста 8 722 жаңа жұмыс орны құрылды. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ақылы қоғамдық жұмыстарға 3 045 адам тартылды. Әлеуметтің әлеуетін арттыратын шараларға ерекше көңіл бөлініп отыр.
Медицина • 31 Шілде, 2017
Мектептерді жөндеуге қаражат жеткіліксіз
Семейде мектептерді жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Әсіресе, су ағатын ескі шатырларды жөндеу өз алдына басты мәселе болып тұр. Биыл қаладағы екі мектептің шатырын түбегейлі жөндеу үшін қаражат бөлінсе, қалғандарына ағымдағы жөндеу үшін қаржы беріліпті. Мәселен, Пригород орта мектебі мен №43 мектеп түбегейлі түрде шатырлары мен төбелерін жөндемек. Мектептерді жаңа оқу жылына дайындау үшін қалалық білім бөлімінің бастығы Наталия Фесенко директорларға демеушілер арқылы да жұмыстарын жалғастыра беру қажеттігін айтуда. Егер 2016 жылы Семейдегі 35 мектепке 340 млн теңге бөлінсе, биыл 33 мектепке 302 млн теңге ғана бөлінген.