Экономика • 30 Шілде, 2019
Жаңа жел электр стансасы салынады
«Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстанның энергияға тапшы оңтүстік өңірінде жаңғырмалы энергия көзінің нысанын салуда. Жобаны «Самұрық-Энергоның» еншілес компаниясы – «Энергия Семиречья» ЖШС іске асырып жатыр. Келешекте 300 МВт-ға дейін кеңейтілетін, қуаты 60 МВт жел электр стансасы Алматы облысының Шелек ауылында орналасқан.
Қоғам • 30 Шілде, 2019
Әлеуметтік желі азаматтық қоғамның жаңа институты ма?
Әдетте саяси партияларды, бұқаралық ақпарат құралдарын, кәсіподақты, үкіметтік емес ұйымдарды, жергілікті өзін өзі басқару ұйымдарын азаматтық қоғамның дәстүрлі институттарына жатқызады. Себебі олар адам құқығы мен мүддесін қорғауда маңызды рөл ойнайды. Соңғы кезде әлеуметтік желілер осы функцияны жоғарыдағылармен тең атқармаса да, жақындап қалғаны бар. Ендеше миллиардтардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналған әлеуметтік желіні бүгінгі азаматтық қоғамның маңызды элементі деуге келе ме?
Қоғам • 30 Шілде, 2019
Жемқорларды жазалауда жеңілдік жоқ
Мемлекет басшысы өз қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске басымдық беріп отыр. 2020 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасында жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтарға қылмыстық жауапкершілік күшейтілген.
Қоғам • 30 Шілде, 2019
«Халыққа көмек» жылжымалы акциясы басталды
Кеше Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы мен мемлекеттік және құқықтық органдардың бірлесе ұйымдастыруымен жылжымалы мобильді «Халыққа көмек» акциясы басталды.
Технология • 30 Шілде, 2019
Ауыр өнеркәсіп те жасанды интеллектіге мұқтаж
Қазақстандық кәсіпорындар цифрлы технологияларды игеруді мықтап қолға алмақ. Мәселен, металлургтердің жұмысын жеңілдетіп, еңбек өнімділігін арттыру үшін жасанды интеллектіні енгізу көзделген. Бұл туралы елдегі тау-кен металлургия саласын цифрландыруға арналған баспасөз мәслихатында айтылды.