Қоғам • 30 Шілде, 2019
«Еңбек» бағдарламасы 700 азаматқа жұмыс береді
Кеше Үкімет үйінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев пен вице-министр Ақмәди Сарбасов министрліктің бірінші жартыжылдықтағы жұмысы және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының атқарылуы туралы баяндады.
Қоғам • 30 Шілде, 2019
Билет тапшылығы: лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту ұсынылды
Еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ) билетсіз жолаушыларды алып жүруге және билеттерді сату тәртібін бұзуға жол бермеу үшін қолданыстағы заңнамаларға өзгеріс енгізуге бастамашылық танытуға ниетті. Бұл жөнінде министрлік ресми мәлімдеме жасады.
Руханият • 30 Шілде, 2019
Торғайдың даласы – тылсым. Ұшқан құстың қанаты талатын сары дала халқымыздың арғы-бергі тарихына тұнып тұрғанын көкірек көзі танығанмен, ол ақиқатты анықтайтын ғылымның нысаны бола қоймаған. Әсіресе, Торғайда ежелгі тарихтың еншісі барлығын көктемде қар еріп, су тасығаннан кейінгі Торғай, Жыланшық өзендері табанынан осы күнге дейін табылып жүрген зіл мен оның «замандастарының» алып сүйектері «айтып қояды».
Руханият • 30 Шілде, 2019
Сұмқайтты жазығының тарихи сыры көп
Қазақ даласының дегдар болмысын бірауыз сөзбен суреттеу мүмкін емес. Ел мен жердің тағдырына, тарихына қатысты шежірелі деректер Ұлы даланың қай қиырында да қазына болып қатталып тұр. Кешегі антына адал, сертіне берік бабалардың қасықтай қаны қалғанша жаумен қырқысқан жерінің бәрі де қазақ даласының бүгінгі құйқалы қонысы, мәңгілік атамекені. Сүйемдей жер үшін сүйегін берген баһадүрлердің асыл мұрат жолындағы рухы қазақтың бар атырабында асқақтап тұр.
Экономика • 30 Шілде, 2019
Ет өндіруде есеміз кетпесін десек...
Қазақстан аграрлы мемлекет болғанымен елдің ішкі нарығын ауыл шаруашылығы өнімімен толықтай қамтып отырған жоқ. Әсіресе, азық-түлік өндірісіндегі дайын ет өнімі тұтыну нарығында әлі күнге жоғары сұранысқа ие. Оның үстіне, ішкі нарыққа еркін еніп отырған сыртқы тауардың да үлесі қомақты.