Қазақстан • 28 Шілде, 2017
Байқағанымыз, адам өзінің сауапты ісінен ләззат алса, кері ісінен қынжылысқа ұрынады. Иә, жақсы істің ауыры мен жеңілі білінбейді, қайта шаршатпайтын желігі болады. Біз білетін Әлекең етек-жеңі кең пішілген, көнтерлі де, мінезі ауыр, салмақты кісі. Ат үстіне міне қалса, екі тізесі аттың құлағын қағар, ертедегі батырлардай алып адам. Осындай ерекшеліктерінен болар, Әлімбай ағамыз қуанғанын да, бір нәрсеге ренжіп, қабақ шытқанын да аса байқата қоймайды. Алайда жақын әңгімелесудің сәті келе қалған бір кездескенімізде: «Ауладағы жеміс ағашы мен саялы ағаштар санын 151-ге жеткіздім», деп хабардар етті. Қуанып тұрғандығы жүзінен білінді: – Жаңа жерге қоныстанған 5-6 жыл аралығында жылма-жыл 15-20 шыбықтан отырғыза бердім. Мына жердің жоғарғы қабаты құнары жоқ керіш топырақ болған соң, тізеден келер қазан шұқыр қазып, білетіндердің ақылымен ең астына шақпа тас салсам, оның үстіне ағаш жаңқасын төктім. Сонан соң топырақтың төрттен біріндей көлеміне көң араластырамын, – дейді бағбандықты кәсіп ете бастаған Әлекең.
Аймақтар • 28 Шілде, 2017
Атырауда бас мейіргерлер мектебі ашылды
Атырау облысындағы 36 медицина мекемесінің аға мейірбикелері менедж-мент бойынша біліктілік курсынан өтті.
Қазақстан • 28 Шілде, 2017
«Егеменде» шыққан мақала ықпалын тигізді
Көкпар ұлттық спорт ойынында серкені қарсыластарынан жеңіп алып, өз жағындағы ұяға апарып салуды «салым» деп атайды. Жеңіс сол салым санына қарай анықталады. Көкпар салды деп те аталады. Біз өзіміз құрған педагогикалық қоғамдық кеңесімізге «Ойсалым» деген әдемі ат қойдық. Мақсатымыз – бүгінгі қоғамда үлкен проблемаға айналған жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісіне сүбелі үлес қосып, ойдан салмақты салым салу.
Қазақстан • 28 Шілде, 2017
Ермахан Шайхыұлы – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Сөз сойылдың» Балғабек Қыдырбекұлы атындағы «Алтын қалам» сыйлығының лауреаты. «Айқын» газетіндегі «Жатыпатар» және «5 жатақхана» атты сатиралық беттердің редакторы. Оның әріптестер мен құрбы-құрдастар, туған-туыстар арасында айтқан әзіл-қалжыңдары біраз. Солардың кейбірін оқып көріңіздер.
Қазақстан • 28 Шілде, 2017
«Саламатты Қазақстан» мен «Денсаулық» кеңестік-диагностикалық пойыздарының дәрігерлік бригадалары еліміздің 28 мыңға жуық тұрғынына қызмет көрсетті.