Кино • 31 Шілде, 2020
Нұржұман Ықтымбаев: Кино – ұлттың төлқұжаты
Қазақ киносының тарихында дара аталатын есімнің бірі – Нұржұман Ықтымбаев. Өнер деген киелі кәсіптің тұлпарын бозбала күнінен тізгіндеп мінген актер қашанда ұлт мүддесін жоғары қоя отырып, өз ісінің биігінен түспей келеді. Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының, «Парасат» орденінің, «Тәуелсіз Тарлан» сыйлығының және де көптеген халықаралық жүлделердің иегері Нұржұман Ықтымбаев Қырғызстан, Польша, Италия, Франция, т.б. шетелдерден шақырту алып, Ж.Депардье, Х.Тагава, Д.Ли сияқты әлемге танымал актерлермен киноға түсті. Қазіргі кезде Голливудтың «Комбат» фильміне түсіп жатқан актермен үзіліс күндерінде сұхбаттасудың сәті түскен еді.
Аймақтар • 31 Шілде, 2020
Аты жаман індеттің аптығы басыла бастады
Маусым айындағыдай емес, шілдеде Шымкентте эпидемиялық жағдай ретке келе бастады. Аты жаман індеттің аптығы басылды. Осылайша, үшінші шаһарда коронавирус инфекциясы мен пневмония індетінің таралу қарқыны бәсеңдеді.
Әлем • 31 Шілде, 2020
Сovid-19: Әлемде вирус жұқтырғандар екі есеге көбейді
Бір тәулікте 52 мың адам вирус жұқтырған Үндістанда ауырғандар саны 1,5 млн адамнан асты. Халқы өте тығыз орналасқан Үндістан түбегіндегі індет баяулар емес. Пандемия басталғаннан бері 1 020 582 адам жазылып шыққанымен, бір күннің ішінде 775 адам COVID-19 кесірінен көз жұмған.
Спорт • 31 Шілде, 2020
Тағдыр тәлкегіне ұшыраған тұңғыштар
Осыдан дәл 46 жыл бұрын, яғни 1974 жылдың тамыз айында бокстан әлем чемпионатының жалауы тұңғыш рет желбіреді. Кубаның астанасы – Гаванада өткен жарыста сарапқа салынған 11 бас жүлденің бесеуін жергілікті өрендер жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте көш бастады. Қоржынында екі алтыны бар КСРО құрамасы екінші сатыға жайғасты. Сондай-ақ АҚШ, Югославия, Уганда және Пуэрто-Риконың былғары қолғап шеберлері бір-бір реттен жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Қоғам • 31 Шілде, 2020
Жұрт күткен жолдан көп кемшілік анықталды
Былтыр Қызылорда облысындағы Қазалы мен Арал аудандары ауылдарын жалғастырып жатқан «Бекарыстан би – Жаңақұрылыс» бағытындағы жол қайта салына бастап, осы жаңалықты ұзақ жыл күткен жұртшылықтың көңілінде бір үміт оянып еді. Әсіресе, 33 жылдан бері жөндеу көрмеген жолға түсе бастаған асфальтқа Арал ауданындағы Жаңақұрылыс пен Қаратерең ауылының тұрғындары қатты қуанды.