Медицина • 28 Шілде, 2023
Медицинадағы тың бастамаларды байыптаған конференция
Астана қаласында тәжірибе алмасу мақсатында Ресей, БАӘ, Қытай, Түркия және Германиядан келген шетелдік сарапшылардың қатысуымен «Травматология мен ортопедиядағы инновациялар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция басталды. Айтулы іс-шараның ашылуына Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қатысты.
Үкімет • 28 Шілде, 2023
Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен жедел кеңесте Қазақстанның жекелеген өңірлеріндегі қалыптан тыс ыстық пен жауын-шашынның аздығына байланысты орнаған ахуалдың ауқымы мен мемлекеттік қолдаудың ықтимал шаралары талқыланды.
Әлем • 28 Шілде, 2023
Гана өлім жазасынан бас тартты
Гана парламенті сейсенбі күні елдің Қылмыстық кодексіне өзгеріс енгізіп, өлім жазасынан бас тартты. Осылайша, аталған мемлекет Африкадағы мұндай қадамға барған 29-шы ел атанып отыр.
Қоғам • 28 Шілде, 2023
Кейінгі кезде саясаттанушылар діни алауыздықты қоздырып, Құран өртеп жүрген есерсоқтарды қандай топқа жатқызуды білмей дал болып отыр. Мәселен, соңғы он күнде Солтүстік Еуропаның әсіреоңшылдары үш мәрте Қасиетті кітапты отқа жаққан. Әлбетте бұл оқиға Ислам дінін ұстанатын мемлекеттердің наразылығын туғызды.
Қоғам • 28 Шілде, 2023
Трансшекаралық өзендер мәселесі
Жаздың аптап ыстығында диқандар егін суарудан қиыншылық көреді. Елімізде бірнеше ірі өзен бассейні болғанымен, қажет кезінде «тіршілік нәрі» сыздықтап ағып, ауыл шаруашылығымен айналысатындарды әбігерге салады.