Денсаулық • 28 Шілде, 2023
Емделуші барлық дәрігерге сене бермеуі мүмкін, бірақ ақ халатты абзал жанмен өзара жақсы түсініскен кезде сырқаттың әу бастағы қорқынышы ақырындап басылады. Егер емделуші өзін еркін сезінсе, ал дәрігер оның жан дүниесін баурай алса, онда ол денсаулығы жайлы ашық әңгімеден қашқақтамайды.
Қоғам • 28 Шілде, 2023
Керекудегі білім беру ұйымдарын күрделі жөндеу саласын биыл тағы берекесіздік жайлап тұр. Марғау мердігерлердің кесірінен бірнеше мектеп 1 қыркүйекте ашылмай қалуы мүмкін. Шарбақты ауданы мен Павлодар қаласында осындай келеңсіздік тіркеліп отыр.
Қоғам • 28 Шілде, 2023
Шуда жүзеге асырылатын жобалар
Өңірге әлеуетті инвесторларды тартып, облыс халқын жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында Әулиеатада ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатыр. Өңір басшысы Нұржан Нұржігітов облыстық инвестициялық штабтың отырыстарында Тараз қаласында және аудандарда жаңа жұмыс орындарын құрудың маңызын ұдайы назардан тыс қалдырған емес.
Аймақтар • 28 Шілде, 2023
Соңғы күндері керекулік көлік иелері бензин тапшылығын сезініп отыр. Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларымен қатар бірнеше аудандағы жанармай құю бекеттерінде көлік отыны жетіспей, кейбірі талонға көшкен. Мәселен, Баянауыл ауданында соңғы бір аптада бензин қасқалдақтың қанындай қат болып тұр.
Қоғам • 28 Шілде, 2023
Көмірдің ірі бассейні саналатын Қарағандыда қара алтынның тапшылығы жоқ. Онымен қоса, енді «Шұбаркөл көмір» АҚ жекелеп сатып алушыларға көмір саудаламайды. Оған компания тарапынан толықтай тыйым салынып отыр. Тек бір ғана оператор – «Көмір гарант» ЖШС анықталды. Бұл дегеніміз – «Шұбаркөлдің» көміріне жылдағыдай тәуліктеп кезек күткен, жан-жақтан келетін алыпсатардың жолы кесілді деген сөз.