Аймақтар • 29 Шілде, 2019
Ақтөбе индустриялық аймағының әлеуеті жылдан-жылға өсіп келеді. Мұнда жаңа өндіріс ошақтары бірінен соң бірі құрылуда. Солардың бірегейі – ұсақ, төгіліп қалатын жүктерді тасымалдауға арналған жаңа құрылғы. Оған FIBC KAZAKHSTAN деген ресми атау берілген.
Аймақтар • 29 Шілде, 2019
Тауына қасиет тұнған, даласына сұлулық қонған Қарқаралы өңірі – талай хас батырды өмірге әкелген киелі мекен. Бұл жақтағы халық та отаршылдыққа мойымаған, өр тұлғалы, ер мінезді, сертке берік, шешен келеді. Солардың қанынан жаратылып, Жарлы өзенінің бойында Қарқаралы тауларының Шаңкөз шыңына қарап құмартып өскен, қазақтың қайсар қыранына айналып өмірі қиылған Нұркен Әбдіров аты алты Алашқа аңыз болған, тәні қан майданның қызыл қырғынында қалған айбоз ұл еді.
Аймақтар • 29 Шілде, 2019
Тұрғындардың сүйенері – «Ақжайық»
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында орналасқан «Ақжайық» шипажайында келушілерді минералды сумен емдейтін жаңа ғимарат құрылысы басталды. Шипажайды Барбастау-Еңбек тас жолымен жалғайтын 7 шақырымдық жол бөлігі де күрделі жөндеуден өтпек.
Аймақтар • 29 Шілде, 2019
Жамбыл облысында білім ошақтарының саны артады
Бүгінде елімізде жастардың сапалы білім алуына мемлекет тарапынан тиісті жағдай жасалып келеді. Ол үшін өңірлерде апатты жағдайдағы мектептер мен үш ауысымды білім ошақтарының мәселесін шешу маңызды. Білім бәсекесіне қабілеттілік күн тәртібінде тұрған мәселе болғандықтан, бұл өңірлер үшін де аса өзекті. Бұл орайда, білім бәсекесін арттыруға Жамбыл облысы да өзіндік үлесін қосып отыр.
Қазақстан • 29 Шілде, 2019
Өткен жұма күні, яғни 25 шілдеде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің төрағалығымен білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын бастады.