Қоғам • 28 Шілде, 2023
Адам құқын қорғау – абыройлы міндет
Құқық қорғау органдарының қызметі азаматтар мен мемлекеттік институттардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекеттің қылмысқа және құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі саясатын іске асыруға бағытталған.
Қоғам • 28 Шілде, 2023
Киберқылмыспен күрес күн тәртібінен түспейді
Бүгінгі таңда цифрлық технологиялар жаһандық сипатқа ие болып, өмірдің барлық саласының ажырамас бөлігіне айналып жатыр. Бұл экономикалық тұрғыдан да тиімділік пен дамудың көрсеткіші екені айқын. Дегенмен жоғары технологиялардың пайдасымен қатар, оның қауіп-қатері де жоқ емес. Кейінгі жылдары мемлекеттік ақпараттық жүйелерде, банк және өнеркәсіп секторларында ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің күрт өскені байқалады.
Жастар • 28 Шілде, 2023
Тайланд: Қазақстан жастарының көзімен
Биыл 26 мамыр мен 2 маусым аралығында Тайланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Чатчаван Сакорнсин Тайландты елдің болашағы және өзгерісті қалаушылар болып саналатын қазақ жастарының көзқарасы арқылы ілгерілету жобасы аясында осы елге сапарға барған төрт қазақстандық студенттен тұратын топты басқарды. Жобаға Астана Халықаралық университеті ақпараттық жүйелер факультетінің студенті Асанәли Бақтыбаев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті психология факультетінің студенті Дана Есбергенова, Назарбаев университеттің медицина факультетінің студенті Диёра Акмалова және Алматыдағы «Бангкок» тай мейрамханасының жас қызметкері Александр Пацанюк қатысты. Олар тай елінде бір апта болып қайтты.
Тұлға • 28 Шілде, 2023
«Естай деп атым шықты қалың елге...»
Өшпес-тозбас ескерткішін өнерімен сомдап кеткен Естай Беркімбайұлының 155 жылдық мерейтойы Екібастұзда кең көлемде аталып өтті. Бірнеше күнге жалғасқан мерейтой қыстан қысылып шыққан екібастұздықтардың еңсесін көтеріп, рухын оятқандай болды. Төл өнеріміз төрге озып, ұлттық құндылықтар ұлықталған Естай тойы тарих қойнауына мәнді де мазмұнды, сәнді де салтанатты іс-шара ретінде енгені даусыз.
Өнер • 28 Шілде, 2023
Әлеуметтік желі арқылы танылып жүрген еңбекқор, талантты жастарды көріп қызығасың. Дәл сондай көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленіп, халықаралық деңгейде жетістікке жеткен өрелі өреннің бірі – Меруерт Тұрсынбекова. Үндістанда бес жыл жүріп, елге оралған өнер иесінің әңгімесін тыңдаудың сәті түсті.