Қоғам • 28 Шілде, 2023
Батысқазақстандық шаруа өзгенің жылқыларын атып тастаған
Батыс Қазақстан облысының тұрғыны егіс алқабына кірген екі жылқыны атып тастаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 28 Шілде, 2023
Тарихты парақтасақ халқымызда аты тұтастай рулы елге айналған батырлар мен билер, даңқты тұлғалар болған. Соның бірі, XYII ғасырдың басы мен XYIII ғасырдың алғашқы ширегі аралығында 100 жылға жуық өмір сүрген батыр әрі би атанған Аламан Мәмбетұлы. Бүгінде даңқты баба ұрпақтары Алматы облысының Райымбек, Кеген, Жетісу өңірінің Сарқан, Панфилов аудандарында түтін түтетіп, ұрпақ өрбітіп отыр. Еліміздің өзге аймақтарына да тамыр жайған. Тарихта танымал Аламан би ұрпақтары шежіресін жазып, «Аламан ата» саябағын ашып, кесенесін орнату мақсатында бір жыл бұрын «Аламан-Қаракет» қоғамдық қоры құрылып, аталған бағыттар бойынша жұмыстар бастаған.
Жәдігер • 28 Шілде, 2023
Биыл туғанына 155 жыл толып отырған өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Қазақстанның халық жазушысы, ақын-драматург, филология ғылымының докторы Әбділда Тәжібаев «Абайдан кейінгі ұлы ақын» деп баға берген Ақыт қажы Үлімжіоғлының күміс жүзігі ұрпақтарының қолында сақталғаны туралы «Argau.kz» сайты біршама уақыт бұрын жаңалық таратқан еді.
Руханият • 28 Шілде, 2023
Ел іші қай салада болсын еңбекқор, адал, зерделі, тиянақты ел ағаларына толы. Соның бірі біздің ұстазымыз – Аманкелді Туғанбай. Бұл есім бүгінгі алаштанушыларға, ұлт руханиятына жақын азаматтарға таныс. Өйткені Нарманбет Орманбетұлы айтылған жерде Аманкелді Туғанбай аты-жөні ескерілмей тұрмайды.
Футбол • 28 Шілде, 2023
«Тобыл»-«Базель», «Ақтөбе»-«Торпедо Кутаиси» кездесулері өтті
Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Тобыл» швейцариялық «Базель» командасын ұтса, «Ақтөбе» грузиялық «Торпедо Кутаиси» командасын жеңді деп хабарлайды Egemen.kz.