Аймақтар • 02 Шілде, 2023
Жамбыл облысы аграрлық өңір болғандықтан, шаруа қожалық басшылары науқан кезінде жемшөп жинау жұмысына мықтап кіріседі. Өткен жылы Жер-анадан рекордтық көрсеткіште мал азығын жинап алған шаруашылық жетекшілері қыстың жайлы болғанының арқасында әжептеуір жемшөп қоры қалыптасқанын айтып отыр.
Аймақтар • 02 Шілде, 2023
Осыдан екі жыл бұрын Сырдың бойында қуаңшылық болып, малды ағайынның мазасы қашқаны бар. Әсіресе дарияның етегіндегі Арал ауданындағы шаруаларға бұл қатты тиді. Теңізді өңірдегі шаруалардың біразы көршілес Ақтөбе облысының іргелес аудандарына малын айдап, қос тігіп амалдады.
Сұхбат • 02 Шілде, 2023
Мейірбек МОЛДАБЕКОВ: Ғылымға сұраныс жасайтын өндіріс болмай тұр
Танымал ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мейірбек МОЛДАБЕКОВТІҢ еліміздің ғарыш саласына сіңірген еңбегі ерекше. Жуырда аты алысқа кеткен академикпен дидарласып, отандық ғылым және ғарыш саласы туралы аз-кем әңгімелескен едік.
Аймақтар • 02 Шілде, 2023
Қарағандыда Ұлттық домбыра күні қарсаңында академик Е.А.Бөкетов атындағы университет аумағында «Күй аллеясы» ашылды. Демалыс орнына Кетбұға, Қорқыттан бастап, халқымыздың біртуар Тәттімбет, Құрманғазы, Ықылас, Әбди, Сембек, Нұрғиса сынды күйші-композиторлардың елге танымал туындыларымен жабдықталған, барлығы 17 орындық орнатылған. Орындықтарға адам жақындаған бетте күй шырқала жөнеледі.
Мереке • 02 Шілде, 2023
Елордада «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты шілденің бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күніне орай «Dombyra Party» іс-шарасын ұйымдастырып, «Алтын домбыра» орталығының 200 шәкірті қазақ күйлерін орындады.